product management

Сымсыз желінің сынақ есебін басып шығару
Желінің конфигурация бетін және сымсыз желінің сынақ есебін басып шығару үшін
( Сымсыз ) түймесі мен ( Ақпарат ) түймесін бірге басыңыз.
Енгізілген веб-сервер арқылы сымсыз орнатуды сынап көруге де болады. Енгізілген веб-серверді (EWS)
ашу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімін қараңыз.
Желі параметрлерін өзгерту
Принтердің сымсыз байланысын орнатуға және басқаруға және әр түрлі желі басқару тапсырмаларын
орындауға болады. Оған желі параметрлері, сымсыз функцияны қосу немесе өшіру, байланыс
жылдамдығын реттеу және IP параметрлерін өзгерту туралы басып шығару мәліметтері кіреді.
ЕСКЕРТУ: Желі параметрлері ыңғайлылық үшін беріледі. Дегенмен, жетілдірілген пайдаланушы
болмасаңыз, осы параметрлердің кейбірін (мыс., байланыс жылдамдығы, IP параметрлері, әдепкі
шлюз және желіаралық қалқан параметрлері) өзгертудің қажеті жоқ.
Желі параметрлерін басып шығару
Желінің конфигурация бетін және сымсыз желінің сынақ есебін басып шығару үшін
( Сымсыз ) түймесі мен ( Ақпарат ) түймесін бірге басыңыз.
Принтердегі сымсыз байланыс мүмкіндігін қосу немесе өшіру
Принтердің сымсыз байланыс мүмкіндігі қосулы кезде принтердің басқару тақтасында сымсыз
байланыстың көк шамы жанып тұрады.
ЕСКЕРТПЕ: Ethernet кабелін принтерге қоссаңыз, ол сымсыз байланыс мүмкіндігі мен шамын
автоматты түрде өшеді.
Принтердің басқару тақтасында сымсыз мүмкіндікті қосу немесе өшіру үшін ( Сымсыз )
түймесін басыңыз.
Ендірілген веб-серверді пайдалану арқылы желі параметрлерін өзгерту
Прнтердің ендірілген веб-серверін (EWS) байланыс жылдамдығы және IP параметрлері сияқты желі
параметрлерін өзгерту үшін пайдаланыңыз.
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
бөлімін қараңыз.
2. Өзгертулер енгізу үшін Желі қойындысын, кейін әр түрлі желі элементтерін басыңыз.
HP сымсыз тікелей байланысын пайдалану
Бұрыннан бар сымсыз желіге қосылмай-ақ, HP сымсыз байланысы арқылы компьютерден,
смартфоннан, планшеттен немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғыдан сымсыз түрде басып шығара
аласыз.
HP сымсыз байланысы түймесі мен шам үлгілері туралы қосымша ақпарат алу үшін Бақылау тақтасы
шамдарының сілтемесі бөлімін қараңыз.
HP Wireless Direct нұсқаулығын HP сымсыз тікелей байланысы туралы сілтеме ретінде басып шығаруға
болады.
KKWW Желі параметрлерін өзгерту 51