product management
5. Анықтама үшін түспен кодталған әріптерді пайдалана отырып, сия картриджін мықтап
бекітілгенше ұясына жылжытыңыз.
Сия картриджін орнатылатын түспен бірдей түсті әрпі бар ұяға салынғанын тексеріңіз
.
6. Ауыстырылатын әрбір сия картриджі үшін 3 пен 5 аралығындағы қадамдарды қайталаңыз.
7. Сия картриджіне қол жеткізу қақпағын жабыңыз.
Cия картридждеріне тапсырыс беру
Картридждерге тапсырыс беру үшін www.hp.com бөліміне өтіңіз. (Қазіргі уақытта HP веб-сайттарының
кейбір бөлігі тек қана ағылшын тілінде қол жетімді.) Барлық елдерде/аймақтарда картридждарға
желіде тапсырыс беруге қолдау көрсетілмейді. Дегенмен, көптеген елдерде телефон арқылы
тапсырыс беріп, жергілікті дүкендерге орналастыру және сатып алу тізімін басып шығару туралы
мәліметтер бар. Сондай-ақ, HP өнімдерін өз еліңізде сатып алу туралы ақпарат алу үшін
www.hp.com/buy/supplies бетіне кіре аласыз.
Ауыстырылатын сия картриджы сияқты бірдей нөмірлі картриджді ғана ауыстырылатын картридж
есебінде пайдаланыңыз. Картридж нөмірін келесі орындардан табуға болады:
●
Ендірілген веб-серверде Құралдар қойындысын басып, Информация о продукте (Өнім туралы
мәліметтер) тармағының астында Номер чернилы (Сияның нөмірі) түймесін басу арқылы.
Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімін қараңыз.
●
Принтердің күй туралы есебінде (Принтер күйі туралы есеп бөлімін қараңыз).
●
Ауыстырылатын сия картриджінің жапсырмасында.
●
Принтердің ішіндегі жапсырмада. Жапсырманы табу үшін картриджге қол жеткізу қақпағын
ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтермен бірге берілетін сия картриджын Установка (Орнату) құралын бөлек сатып
алуға болмайды.
KKWW Cия картридждеріне тапсырыс беру 45










