product management

4. Веб-қызметтер параметрі бөлімінде Орнату түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
5. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және
орнатады, кейінірек қайта бастаңыз. Нұсқауларды 1-қадамнан HP ePrint бағдарламасын орнатуға
дейін қайталауыңыз қажет болады.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси параметрлерін
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Прокси
туралы мәліметтер болмаса, желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан кісімен хабарласыңыз.
6. Принтер серверге жалғанған кезде электрондық пошта мекенжайы жазылған ақпараттық бет
басып шығарады. Орнатуды аяқтау үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
HP ePrint пайдалану
HP ePrint кез келген уақытта кез келген жерден HP ePrint қосылған принтеріне басып шығару
мүмкіндігін береді.
HP ePrint қызметін пайдалану үшін келесі параметрлердің бар екенін тексеріңіз:
Интернет пен электрондық поштаға бейімделген компьютер немесе мобильді құрылғы
Веб-қызметтер қосылған HP ePrint қызметіне бейімделген принтер
КЕҢЕС: HP ePrint параметрлерін басқару және конфигурациялау, сондай-ақ ең соңғы мүмкіндіктерді
үйрену туралы қосымша ақпарат алу үшін НР Connected ( www.hpconnected.com ) сайтын қараңыз.
Құжатты HP ePrint арқылы басып шығару
1. Веб-қызметтерді қосу параметрін таңдаңыз.
2. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын
қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін бағдарламамен берілген құжатты қараңыз.
3. Жаңа электрондық пошта хабарламасын жасап, басып шығарылатын файлды тіркеңіз.
4. Электрондық пошта хабарламасының «Кімге» жолына принтер'дің электрондық пошта
мекенжайын енгізіп, электрондық пошта хабарламасын жіберу үшін параметрді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint сервері «Кімге» немесе «Көшірме» өрістеріне бірнеше электрондық пошта
мекенжайы енгізілсе, электрондық поштаны басып шығару тапсырмаларын қабылдамайды.
"Кімге" өрісінде тек қана НР принтерінің электрондық пошта мекенжайы енгізілуі қажет. Басқа
өрістерге кез келген қосымша электрондық пошта мекенжайларын енгізбеңіз.
Принтердің электрондық пошта мекенжайын табу үшін
1. ePrint тіркелгісін жасағаныңызды тексеріңіз.
Тіркелгіге кіру үшін www.hpconnected.com сілтемесіндегі НР Connected бөліміне өтіңіз.
2.
Принтердің басқару тақтасында ( HP ePrint ) түймесі мен ( Ақпарат ) түймесін бірге
басыңыз.
Принтер принтер кодын және электрондық пошта мекенжайын реттеу жолы туралы
нұсқауларды қамтитын ақпараттық бетті басып шығарады.
KKWW HP ePrint пайдалану 41