product management
поштаны жібере алатын болсаңыз, HP ePrint қызметін қолданып кез келген жерде басып шығаруға
болады.
НР Connected ( www.hpconnected.com ) сайтына тіркелгі алуға жазылғаннан кейін HP ePrint жұмыс күйін
қарауға, HP ePrint принтер кезегін басқаруға, басып шығару үшін принтердің HP ePrint электрондық
пошта мекенжайын кім пайдалана алатынын бақылауға, HP ePrint анықтамасын алуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint қызметін пайдалану үшін, принтерді Интернетке кіруге мүмкіндік беретін
белсенді желіге қосу қажет. Принтер USB кабелі арқылы қосылған болмаса, осы веб-мүмкіндіктерді
қолдана алмайсыз.
HP ePrint түймесі мен шам үлгілері туралы қосымша ақпарат алу үшін Бақылау тақтасы шамдарының
сілтемесі бөлімін қараңыз.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
HP ePrint қызметін орнату
●
HP ePrint пайдалану
●
Веб-қызметтерді жою
HP ePrint қызметін орнату
HP ePrint қызметін орнату үшін келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз:
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint орнатпас бұрын, принтеріңіз Ethernet немесе сымсыз байланысты пайдаланып
қосылғанын тексеріңіз.
Ендірілген веб-серверді пайдалану арқылы HP ePrint қызметін орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
бөлімін қараңыз.
2. Веб-услуги (Веб-қызметтер) қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтер параметрі бөлімінде Орнату түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және
орнатады, кейінірек қайта бастаңыз. HP ePrint бағдарламасын орнату үшін 1-қадамның
нұсқауларын қайта орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси параметрлерін
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Прокси
туралы мәліметтер болмаса, желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан кісімен хабарласыңыз.
5. Принтер серверге жалғанған кезде электрондық пошта мекенжайы жазылған ақпараттық бет
басып шығарады. Орнатуды аяқтау үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
HP принтер бағдарламалық құралы арқылы HP ePrint қызметін орнату(Windows)
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Көрсетілетін терезеде Басып шығару түймесін екі рет басып, Басып шығару ішіндегі Принтерді
вебке жалғау тармағын таңдаңыз. Принтердің басты беті (енгізілген веб-сервері) ашылады.
3. Веб-услуги (Веб-қызметтер) қойындысын басыңыз.
40 4-тарау HP ePrint KKWW










