product management

Кітапша-Сол жағы бойынша түптеу: Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде сол
жақта пайда болады. Солдан оңға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз
Кітапша-Оң жағы бойынша түптеу: Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде оң
жақта пайда болады. Оңнан солға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз.
Бет жиектері: Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып шығарсаңыз, беттерге жиектерді
қосуға мүмкіндік береді.
Басып шығару параметрлерін орнату кезінде уақытты үнемдеу үшін басы шығару таңбашаларын
пайдалануға болады. Басып шығару тіркесімі белгілі бір жұмыс түріне сәйкес келетін параметр
мәндерін сақтайды, сонда барлық опцияларды бір рет басып орнатуға болады. Пайдалану үшін
Басып шығару тіркесімі қойындысында басып шығарылатын бір тіркесімді таңдаңыз, содан
кейін OK түймесін басыңыз.
Жаңа басып шығару тіркесімін қосу үшін Орналасу немесе Қағаз/сапа қойындысында
параметрлерді өзгерткеннен кейін, Басып шығару тіркесімі қойындысын басыңыз, Басқаша
сақтау түймесін басып, атауды енгізіңіз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Басып шығару тіркесімін жою үшін таңдаңыз, содан кейін Жою түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі басып шығару тіркесімдерін жоюға болмайды.
Принтер параметрлері туралы кеңестер (OS X)
Басып шығару диалогтық терезесіндегі принтерге жүктелген қағаз өлшемін таңдау үшін Қағаз
өлшемі қалқымалы мәзірін пайдаланыңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде Қағаз түрі/Сапа қалқымалы мәзірін таңдаңыз және қажетті
қағаз түрі мен сапаны таңдаңыз.
Тек қара сияны пайдалана отырып құжатты ақ-қара түсте басып шығару үшін қалқымалы
мәзірден Қағаз түрі/сапасы параметрін таңдаңыз. «Түс параметрлері» ашық үшбұрышты
басыңыз және «Түс» қалқымалы мәзірінен Сұр реңк параметрін таңдап, Тек қара түсте басып
шығару картриджі тармағын таңдаңыз.
Жазбалар
HP компаниясы шығарған сия картридждері жақсы нәтижелерді әрдайым оңай беру үшін
жасалып, HP принтерлерімен және қағаздарымен тексеріледі.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді
екендігіне кепілдік бере алмайды. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтер қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
HP компаниясы шығарған сия картридждерін сатып алғандығыңызға сенімді болсаңыз,
www.hp.com/go/anticounterfeit сайтына өтіңіз.
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана анықтауларды
береді.
ЕСКЕРТПЕ: Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алғанда, ықтимал басып
шығару кешігулерін болдырмас үшін ауыстыратын картридждің болуын қарастырыңыз. Басып
шығару сапасы ұнамсыз болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
AirPrint
Apple компаниясының AirPrint мүмкіндігімен басып шығаруды iOS 4.2 және Mac OS X 10.7 немесе кейінгі
нұсқалары қолдайды. AirPrint мүмкіндігін iPad (iOS 4.2), iPhone (3GS немесе кейінгі) немесе iPod touch
38 3-тарау Басып шығару KKWW