product management
●
Тип бумаги (Қағаздың түрі): Сәйкес фотосурет қағазының түрі
●
Качество (Сапасы): Лучший (Ең жақсы) немесе Максимум точек на дюйм (Ең көп
нүкте/дюйм)
●
Түс параметрлері ашылмалы үшбұрышты басыңыз және содан кейін сәйкес
Фотосуретті жөндеу параметрін таңдаңыз.
—
Выключен (Өшірулі): кескінге өзгерістерді қолданбайды.
—
Основной (Негізгі): суретке автоматты түрде кезеледі; кескіннің анықтығын
біршама реттейді.
5. Басқа да қалаған басып шығару параметрлерін таңдап, Печать (Басып шығару) түймешігін
басыңыз.
Арнайы және реттелетін өлшемдегі қағазда басып шығару
Бағдарлама реттелетін өлшемдегі қағазға қолдау көрсететін болса, құжатты басып шығармас бұрын
бағдарламада өлшемді орнатыңыз. Болмаса, принтер драйверінде өлшемді орнатыңыз. Бар
құжаттарды реттелетін өлшемдегі қағазда дұрыс басып шығару үшін оларды қайта пішімдеу қажет
болуы мүмкін.
Реттелетін өлшемдерді орнату (Windows)
1. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Windows 8.1 және Windows 8: Белгішелер жолағын ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ
бұрышына нұсқаңыз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басып, Басқару тақтасы
түймесін басыңыз немесе түртіңіз, сонан соң Құрылғылар мен принтерлерді көру пәрменін
басыңыз немесе түртіңіз. Принтер атауын басып немесе түртіп, Басып шығару серверінің
сипаттары түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
●
Windows 7: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзірінен Устройства и принтеры (Құрылғылар
және принтерлер) пәрменін басыңыз Принтер атауын таңдап, Басып шығару серверінің
сипаттары параметрін таңдаңыз.
●
Windows Vista: Windows жүйесінің Бастау мәзіріндегі Басқару тақтасы параметрін басып,
Принтерлер түймешігін басыңыз. Принтерлер терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң
жағымен басып, Сервер сипаттары параметрін таңдаңыз.
●
Windows XP: Windows жүйесіндегі Пуск (Бастау), Панель управления (Басқару тақтасы),
Принтеры и факсы (Принтерлер және факстар) тармақтарын таңдаңыз. Файл мәзірінде
Сервер сипаттары түймесін басыңыз.
2. Жаңа пішін жасау ұяшығына белгі қойыңыз.
3. Реттелетін өлшем қағазының атауын енгізіңіз.
4. Пішін сипаттамасы (өлшемдері) бөліміне реттелетін өлшемді енгізіңіз.
5. Пішінді сақтау түймесін басып, Жабу түймесін басыңыз.
Арнайы және реттелетін өлшемдегі қағазда басып шығару (Windows)
ЕСКЕРТПЕ: Реттелетін өлшемдегі қағазда басып шығармас бұрын «Басып шығару серверінің
сипаттары» бөлімінде реттелетін өлшемді реттеуіңіз керек.
1. Науаға сәйкес қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінен Печать (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
32 3-тарау Басып шығару KKWW










