product management

ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, принтерге дұрыс қағаз салынғандығын
тексеріңіз және сәйкестендіру үшін принтердің бақылау тақтасына қағаз өлшемін
орнатыңыз.
Қосымша басып шығару опцияларын көру үшін Дұрыс басып шығару туралы кеңестер бөлімін
қараңыз.
6. Басып шығару диалогтық терезесінде OK түймешігін басып, Басып шығару немесе OK түймешігін
басыңыз.
Хатқалталарды басып шығару (OS X)
1. Хатқалталарды басып шығарылатын бетін төмен қаратып науаға жүктеңіз. Қосымша ақпарат алу
үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін
таңдаңыз.
3. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
4. Басып шығару параметрлерін орнатыңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Келесі параметрлер принтеріңіз үшін қол жетімді. Параметрлердің орындары әр
бағдарламада әртүрлі болады.
а. Размер бумаги (Қағаз өлшемі) қалқымалы мәзірінен сәйкес хатқалта өлшемін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, қағаздың дұрыс салынғандығын
тексеріңіз және сәйкестендіру үшін принтердің бақылау тақтасына қағаз өлшемін
орнатыңыз.
ә. Қалқымалы мәзірден Қағаз түрі/Сапа параметрін таңдаңыз және қағаз түрі параметрінің
Қарапайым қағаз күйіне орнатылғанын тексеріңіз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Фотосуреттерді басып шығару
Кірістірілетін науада қолданылмаған фотосурет қағаздарын қалдырмаңыз. Басып шығарудың
сапасының төмендеуіне әкелуі ықтимал қағаз бұратылып бастауы мүмкін. Фотосурет қағазы басып
шығарылмас бұрын тегіс болуы қажет.
Компьютеріңізден фотосуретті басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды жүктеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтер таңдалғанын тексеріңіз.
4. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық жасақтама қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтердің сипаттары),
Принтер немесе Предпочтенияаңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
5. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
30 3-тарау Басып шығару KKWW