product management
5. Қалқымалы мәзірден Тип бумаги/Качество (Қағаздың түрі/Сапасы) параметрін таңдап, келесі
параметрлерді таңдаңыз:
●
Тип бумаги (Қағаздың түрі): Сәйкес кітапшаның қағаз түрі
●
Качество (Сапасы): Қалыпты немесе Ең жақсы
6. Басқа да қалаған басып шығару параметрлерін таңдап, басып шығаруды бастау үшін Басып
шығару түймешігін басыңыз.
Хатқалталарда басып шығару
Келесі сипаттамалары бар хатқалталарды елемеңіз:
●
Ұшы өте жабысқақ
●
Өздігінен жабысқақ, қыстырылатын немесе жақтаулары бар
●
Қалың, ретсіз немесе бұратылған ұштары бар
●
Мыжылған, жыртылған немесе басқалай зақымдалған аймақтары болса
Принтерге жүктелген хатқалталардың бүгілген жерлерінің мұқият бүктелгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Хатқалталарда басып шығару туралы қосымша мәліметтерді қолданыстағы
бағдарламалық құрал бағдарламасымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
Хатқалталарды басып шығару (Windows)
1. Науаға хатқалталарды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймесін
басыңыз.
3. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
4. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Параметрлер), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық басып шығару жұмыстарына арналған басып шығару параметрлерін орнату
үшін принтермен бірге берілген HP бағдарламалық құралына өзгерістер енгізіңіз. HP
бағдарламалық құралы туралы қосымша ақпаратты Принтердің басқару құралдары бөлімінен
қараңыз.
5. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
●
Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
●
Принтерде Қағаз/Сапа қойындысының Науа бөлімі аймағындағы Медиа құралы
ашылмалы тізімінен сәйкес қағаз түрін таңдап, содан соң сәйкес басып шығару сапасын Сапа
параметрлері аймағынан таңдаңыз. Ақ-қара басып шығару үшін Түс аймағынан Ақ-қара
тармағын таңдаңыз.
●
Қағаз/шығару аумағындағы Допонительный (Қосымша) түймесін басыңыз, Размер бумаги
(Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз.
KKWW Хатқалталарда басып шығару 29










