product management

3 Басып шығару
Көптеген принтер параметрлері автоматты түрде бағдарламалық құрал арқылы реттеледі. Басып
шығару сапасын өзгерту, арнайы қағаз түрінде басып шығару немесе арнайы мүмкіндіктерді
пайдалану үшін ғана параметрлерді қолмен өзгертіңіз.
Құжаттар үшін ең жақсы басып шығару әдісін таңдау туралы қосымша ақпарат алу үшін Қағаз
негіздері бөлімін қараңыз.
КЕҢЕС: Бұл принтер қосымша бағдарламалық құралды немесе принтер драйверлерін қажет етпейтін
кез келген орыннан кез келген уақытта қосылған HP ePrint функциясы бар принтерде құжаттарды
басып шығаруға мүмкіндік беретін HP ePrint, HP компаниясының тегін қызметін қамтиды. Қосымша
ақпарат алу үшін HP ePrint пайдалану бөлімін қараңыз.
КЕҢЕС: Осы принтерді мобильді құрылғыдағы (мысалы, смартфон немесе планшет) құжаттар мен
фотосуреттерді басып шығаруға пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP мобильді басып
шығару веб-сайтына ( www.hp.com/go/mobileprinting ) кіріңіз. (Бұл уақытта осы веб-сайт барлық тілде
қол жетімді болмауы мүмкін).
Құжаттарды басып шығару
Кітапшаларды басып шығару
Хатқалталарда басып шығару
Фотосуреттерді басып шығару
Арнайы және реттелетін өлшемдегі қағазда басып шығару
Екі жаққа басып шығару (екі жақты күйі)
Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы басып шығару
Дұрыс басып шығару туралы кеңестер
AirPrint
Принтер үшін қағаз өлшемін реттеу
Құжаттарды басып шығару
Құжаттарды басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды жүктеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
4. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтенияаңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
26 3-тарау Басып шығару KKWW