product management
Принтерді жаңарту
HP компаниясы әрқашан өз принтерлерінің жұмысын жетілдіру және сізге ең соңғы мүмкіндіктерді
беру үшін жұмыс істеуде.
Әдепкі бойынша, принтер қосылған желіге және HP веб-қызметтеріне жалғанған болса, принтер
жаңартуларды автоматты түрде тексереді.
Енгізілген веб-серверді (EWS) пайдалану арқылы принтерді жаңарту
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
бөлімін қараңыз.
2. Құралдар қойындысын басыңыз.
3. Принтер жаңартулары бөлімінде Микробағдарлама жаңартулары түймесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және орнатады,
кейінірек қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси параметрлерін пайдаланса,
прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін желі
әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.
HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows)
HP принтердің бағдарламалық құралы орнатылғаннан кейін операциялық жүйеңізге байланысты
келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер
атауын таңдаңыз.
●
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
●
Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз,
содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
Принтерді өшіру
Принтердің алдыңғы сол жақ бөлігінде орналасқан ( Қуат ) түймесін басу арқылы принтерді
өшіріңіз. Қуат шамы принтер өшіріліп жатқанда жыпылықтайды. Қуат сымын ажыратпас бұрын
немесе ұзартқышты өшірмес бұрын қуат шамының өшірілгенін күтіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтерді дұрыс өшірмесеңіз, басып шығаратын каретканың дұрыс орнына
қайтарылмауы, сия картридждеріне және басып шығару сапасына әсер етуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Сия картридждері жоқ кезде принтерді қосуға болмайды. HP компаниясы басып шығару
мәселелері мен қалған картриджден сияны артық пайдалану немесе сияға зақым келу
ықтималдығының алдын алу мүмкін болған кезде қалған барлық кардридждерді жылдам
ауыстыруды ұсынады.
KKWW Принтерді жаңарту 25










