product management

Күрделі пішімделген, өрнектелген немесе сияны жақсы қабылдамайтын медиа құралы
Өте жеңіл және оңай мыжылатын медиа құралы
Қапсырмалары немесе қысқыштары бар медиа құралы
Қағаз салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
Қағазды салу
Стандартты қағазды салу үшін:
1. Шығыс науасын көтеріңіз.
2. Шығыс науасын ұзарту үшін оны тартыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Стандартты өлшемдегі қағазды салу үшін сұр ысырманы (кіріс науасының алдыңғы
сол жақ бөлігінде) оңға қарай жылжытып, науаның алдыңғы бөлігін төмен түсіріңіз.
3. Кіріс науасын шығарып алған кезде бір қағаз өлшемін таңдау шамы немесе барлығы
жыпылықтайды (принтер шамдары туралы Бақылау тақтасы шамдарының сілтемесі қараңыз).
Әр түрлі өлшемді қағаз салып жатсаңыз, принтердегі қағаз өлшемін өзгертіңіз, Принтер үшін қағаз
өлшемін реттеу бөлімін қараңыз.
4. Қағаз енін бағыттауыштарын мүмкіндігінше алыс жылжытыңыз.
KKWW Қағазды салу 19