product management

Кесте 2-2 Қуат түймесі мен Жалғастыру түймесі (жалғасы)
Шамның сипаттамасы/Шам үлгісі
Түсініктеме немесе ұсыналатын әрекет
Кептелісті тауып, тазалаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағаз кептелістерін жою бөлімін
қараңыз.
Басып шығаруды жалғастыру үшін ( Жалғастыру ) түймесін басыңыз.
2. Принтердің басып шығаруы тоқтады.
Сия картриджіне қол жеткізу есігін ашып, кез келген (кептелген қағаз сияқты) кедергілерді
жойыңыз.
Басып шығаруды жалғастыру үшін ( Жалғастыру ) түймесін басыңыз.
Қате қайталанса, принтерді өшіріп, қайта қосыңыз.
Басып шығару жұмысынан бас тарту үшін ( Бас тарту ) түймесін басыңыз.
Қуат шамы қосулы және Жалғастыру шамы жыпылықтайды.
Келесі мәселелердің бірі пайда болуы мүмкін.
1. Принтерде қағаз жоқ.
Басып шығаруды жалғастыру үшін қағазды салып, ( Жалғастыру ) түймесін басыңыз.
2. Қағаз сәйкес келмейді.
Принтердің қағаз параметрлеріне сәйкес келетін қағазды салыңыз немесе келесі жолдардың
бірі арқылы қағаз параметрлерін өзгертіңіз:
Қажетті қағаз өлшемін таңдау үшін принтердегі ( Қағаз өлшемін таңдау ) түймесін
басыңыз
.
HP басып шығару драйверіндегі немесе енгізілген веб-сервердегі параметрді өзгертіңіз.
Басып шығаруды жалғастыру үшін ( Жалғастыру ) түймесін басыңыз.
Басып шығару жұмысынан бас тарту үшін ( Бас тарту ) түймесін басыңыз.
Қуат шамы мен Жалғастыру шамы қосулы.
8 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW