product management
Жапсырма Аты және сипаттамасы
HP ePrint түймесі және шамы
HP ePrint қызметін қосады немесе өшіреді, веб-қызметтер, оның ішінде HP ePrint қосылымын анықтайды.
Сымсыз түймесі және шамы
Сымсыз мүмкіндікті қосады немесе өшіреді және принтер сымсыз қосылымының күйін анықтайды.
HP сымсыз тікелей байланыс түймесі және шамы
HP сымсыз тікелей байланыс мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
Ақпарат түймесі
Байланысқа және веб-қызметтерге, ақпаратқа және анықтамаға қатысты ақпарат бетін басып шығарады. Бұл түймені
принтердегі арнайы функциялар туралы толық ақпаратты басып шығару үшін басқа түймелермен бірге пайдалануға да
болады.
Жалғастыру түймесі және шамы
Ақаудан кейін жұмысты қайта жалғастырады (мысалы, қағазды салған соң немесе қағаз кептелісін тазартқан соң).
Бас тарту түймесі
Орындалып жатқан басып шығару жұмысынан немесе техникалық қызмет көрсету процедурасынан бас тартады.
Шамдардың үлгілері мен күйлері туралы қосымша ақпарат алу үшін Бақылау тақтасы шамдарының
сілтемесі бөлімін қараңыз.
Бақылау тақтасы шамдарының сілтемесі
Басқару тақтасы шамдары күйді көрсетеді және басып шығару ақауларын диагностикалау үшін
пайдалы. Бұл бөлім шамдар, олардың көрсететін мәліметі және қажет болса, орындалатын әрекетті
қамтиды.
Сонымен қатар, HP принтер бағдарламалық құралы принтердің күйі мен мүмкін боларлық басып
шығару мәселелері туралы ақпаратты ұсынады.
Толық ақпарат алу үшін соңғы ақауларды жою мәліметтері, өнім түзетулері мен жаңартулары үшін
www.hp.com/support HP веб-сайтын қараңыз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге
көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі.
Қуат түймесі
●
Келесі кесте түйменің әр түрлі шам үлгілеріндегі ақпаратты ұсынады.
Кесте
2-1 Қуат түймесі
Шамның сипаттамасы/Шам үлгісі
Түсініктеме немесе ұсыналатын әрекет
Барлық шамдар өшірулі.
6 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW










