product management

Қағаз тым қысқа
Ең төмен талаптарға қарағанда қысқалау қағаз салынды. Принтер талаптарына сай қағаз салынуы
керек. Қосымша ақпаратты Техникалық сипаттамасы және Қағазды салу бөлімдерінен қарауға
болады.
Картридж дұрыс салынбаған
Сия картриджінің дұрыс орнатылмағандығы туралы хабарды көрсетеді.
Барлық сия картридждерінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
1. Сия картридждеріне кіру есігін жайлап тартып ашыңыз.
2. Шығарып алу үшін сия картриджын басып алыңыз және оны ақырын өзіңізге қарай тартыңыз.
3. Картриджді ұясына кірістіріңіз. Дұрыс байланысты қамтамасыз ету үшін картриджді жайлап
басыңыз.
4. Сия картриджына кіру есігін жауып, қате хабарламасының жойылғанын тексеріңіз.
Басып шығару механизмінің ақауы
Басып шығару механизмінде ақау бар.
Принтерді өшіріп, оны қайта қосыңыз.
Егер ақау қайталанса, қызмет көрсетуі үшін HP қолдау қызметіне хабарласыңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін HP қолдау қызметі бөлімін қараңыз.
HP Instant Ink картриджі үйлесімді емес
Бұл картридж HP Instant Ink тізіміндегі принтерде ғана қолданылуы керек.
Принтердің осы картриджбен үйлесімді болатындығына сенсеңіз, www.hp.com/buy/supplies бөліміне
хабарласыңыз.
HP Instant Ink картриджі қолданылған
Принтердің басқару тақтасының дисплейінде берілген HP Instant Ink картридждері басында картридж
салынған HP Instant Ink принтерімен ғана қолданылуы керек. Картриджді ауыстыру қажет.
Сия картридждерін ауыстыру туралы ақпарат алу үшін Сия картридждерін ауыстыру бөлімін қараңыз.
Сия картридждеріне тапсырыс беру туралы ақпарат алу үшін Cия картридждеріне тапсырыс беру
бөлімін қараңыз. Пайдаланылған сия жабдықтарын қайта пайдалану туралы ақпаратты алу үшін
HP сия жабдықтарын қайта өңдеу бағдарламасы бөлімін қараңыз.
Принтерді HP Connected бағдарламасына қосыңыз
Принтер HP Connected бағдарламасына қосылуы керек, әйтпесе ескертусіз жақын уақытта басып
шығару мүмкін болмайды. Қосу туралы нұсқауларды принтердің басқару тақтасынан көріңіз.
Басып шығару мүмкін емес
Принтердің Instant Ink күйін жаңарту үшін оны HP Connected бағдарламасына қосуыңыз қажет.
KKWW Қағаз тым қысқа 101