product management
Бет жиегінен шығу
Әдепкі науа бос.
Қағаз өлшемін реттеу үшін көбірек қағаз салып, ( Қағаз өлшемін таңдау ) түймесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
Құжатты басып шығару орындалмады
Принтер жүйесінде ақаулар туындағандықтан принтер құжатты басып шығара алмады.
Басып шығару ақауларын шешу туралы қосымша ақпарат алу үшін Принтер ақауларын шешу бөлімін
қараңыз.
Принтердің қатесі
Принтерде ақау бар. Әдетте, мұндай ақауларды келесі қадамдарды аяқтау арқылы шешуге болады:
1.
Принтерді өшіру үшін ( Қуат ) түймесін басыңыз.
2. Қуат сымын ажыратып, қуат сымын қайтадан қосыңыз.
3.
Принтерді қосу үшін ( Қуат ) түймесін басыңыз.
Ақау сақталса, хабарламада берілген қате кодын жазып алып, НР қолдау көрсету орталығымен
байланысыңыз. НР қолдау көрсету орталығымен байланысу туралы қосымша ақпарат алу үшін HP
қолдау қызметі бөлімін қараңыз.
Қақпақ ашық
Принтер құжаттарды басып шығармас бұрын барлық есіктер мен қақпақтар жабылған болуы қажет.
КЕҢЕС: Толығымен жабық болғанда, көптеген есіктер мен қақпақтан орнына тырс етіп кірістіріледі.
Барлық есіктерді және қақпақтарды берік жапқаннан кейін де ақау сақталса, НР қолдау көрсету
орталығымен байланысыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP қолдау қызметі бөлімін қараңыз.
Сия картриджінің қатесі
Хабарламада тізімделген картридждар зақымдалған немесе жартылай таусылған.
Сия картридждерін ауыстыру торабын қараңыз.
Принтер жабдығын жаңарту ақаулығы
Принтердің жабдығы сәтті жаңартылмады. Хабарламада тізімделген картридждерді енді принтерде
пайдалануға болады. Жабдықты жаңарту картриджын ауыстырыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Сия
картридждерін ауыстыру бөлімін қараңыз.
KKWW Бет жиегінен шығу 99










