product management
●
1-шешім: Принтерді өшіріңіз және қосыңыз.
●
2-шешім: Сия картридждерін дұрыс орнатыңыз.
1-шешім: Принтерді өшіру және қосу
Принтерді өшіріп, оны қайта қосыңыз.
Ақау жалғастырылса, келесі шешімді пайдаланып көріңіз.
2-шешім: Сия картридждерін дұрыс орнату
Барлық сия картридждерінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
1. Сия картридждеріне кіру есігін жайлап тартып ашыңыз.
2. Шығарып алу үшін сия картриджын басып алыңыз және оны ақырын өзіңізге қарай тартыңыз.
3. Картриджді ұясына кірістіріңіз. Дұрыс байланысты қамтамасыз ету үшін картриджді жайлап
басыңыз.
4. Сия картриджына кіру есігін жауып, қате хабарламасының жойылғанын тексеріңіз.
Қағаз өлшемінің сәйкессіздігі
Принтер драйверіндегі қағаз өлшемі немесе түрі принтерде жүктелген қағазға сәйкес келмейді.
Принтерге дұрыс қағаздың салынғанын тексеріп, құжатты қайтадан басып шығарыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерде жүктелген қағаз дұрыс өлшемде болса, принтер драйверінде таңдалған қағаз
өлшемін өзгертіп, құжатты қайтадан басып шығарыңыз.
Картридж кареткасы блокталған
Бір нәрсе сия картриджінің кареткасын (сия картридждерін ұстайтын принтердің бөлігі) блоктайды.
Кедергіні тексеру үшін принтерде кептелістің жоқ екендігін тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Қағаз кептелістерін жою бөлімін қараңыз.
Қағаз кептелісі немесе науа ақауы
Принтерде кептеліп қалған қағаз.
Кептелісті жоюды бастамас бұрын келесі әрекеттерді тексеріңіз:
●
Техникалық сипаттарға сәйкес келетін және мыжылмаған, бүгілмеген немесе зақымдалмаған
қағаздың салынғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Техникалық сипаттамасы бөлімін
қараңыз.
●
Принтердің таза болуын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерге күтім жасау бөлімін
қараңыз.
●
Науалардың дұрыс жүктелгенін және тым көп жүктелмегенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу
үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
Кептелістерді жою, сондай-ақ, кептелістерді болдырмау туралы қосымша ақпарат алу үшін Қағаз
кептелістерін жою бөлімін қараңыз.
98 ә қосымшасы Қателер (Windows) KKWW










