product management

қолдану параметрлеріне қолдау көрсетеді. Күші және қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі адамдар да
принтер есіктерін, түймелерін, қағаз науаларын және қағазды бағыттауыштарды қолдана алады.
Қолдау
Принтердің арнайы мүмкіндіктері және HP компаниясының арнайы мүмкіндіктерге қатысты шешімдері
туралы толық деректерді алу үшін HP компаниясының www.hp.com/accessibility веб-сайтына өтіңіз.
Mac OS X құрылғысын бойынша кіру туралы ақпаратты Apple компаниясының www.apple.com/
accessibility веб-сайтынан қараңыз.
HP EcoSolutions (HP және қоршаған орта)
Hewlett-Packard корпорациясы үйіңізде немесе кеңседе басып шығару орталарын оңтайландыруге
және жауапкершілікпен басып шығаруға мүмкіндік беру үшін жұмыс істейді.
HP компаниясы өндіру процестері барысында қоршаған ортамен жұмысты жоспарлау бойынша толық
ақпарат алу үшін Қоршаған орта өнімін ұйымдастыру бағдарламасы бөлімін қараңыз. HP
компаниясының қоршаған ортаға қатысты бастамалары туралы қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/ecosolutions сайтына кіріңіз.
Қуатты басқару
Басып шығару жабдықтарын оңтайландыру
Қуатты басқару
Электр қуатын үнемдеу үшін принтер келесі мүмкіндіктермен бірге беріледі:
Күту режимі
Күту режимінде қуат аз тұтынылады. Белсенді емес күйде 5 минут болғаннан кейін қуатты аз тұтыну
режиміне өтеді.
Ұйқы режимінің уақытын өзгерту үшін:
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
бөлімін қараңыз.
2. Параметрлер қойындысын басыңыз.
3. Управление питанием (Қуатты басқару) бөлімінде Энергосбережение (Қуатты сақтау күйі)
түймесін басып, қалаған опцияны таңдаңыз.
4. Применить (Қолдану) түймесін басыңыз.
Автоматты түрде өшіру
Принтер қосылғанда, Автоматты түрде өшіру параметрі әдепкі бойынша автоматты түрде қосылады.
Автоматты түрде өшіру функциясы қосылған кезде қуаттың тұтынылуын үнемдеуге көмектесу
мақсатында принтер құрылғы қолданыста болмаған 2 сағаттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Автоматты түрде өшіру параметрі принтерді толығымен өшіреді, сондықтан принтерді қайтадан
қосу үшін қуат түймешігін пайдалану керек. Сымсыз қосылым немесе Ethernet желілік мүмкіндігі бар
принтер үлгілері үшін принтер желімен сымсыз қосылым немесе Ethernet желілік қосылым орнатқан
кезде, Автоматты түрде өшіру автоматты түрде өшіріледі. Автоматты түрде өшіру параметрі өшірулі
2 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW