Getting started
болмайды. Егер өзіңіз DVD тасығышын жасай алмасаңыз, HP компаниясынан компьютерді
қалпына келтіру дискілерін алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide
Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі
байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support бөліміне
кіріп, мемлекетті немесе аймақты таңдаңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
◦
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
◦
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін.
◦
Еге қажет болса, қалпына келтіру дискілерін аяқтамай бағдарламадан шыға беруге болады.
HP Recovery Manager ағымдағы DVD дискісіне жазуды аяқтайды. HP Recovery Manager
бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру сұралады.
HP қалпына келтіру медиасын жасау үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде қалпына келтіру сөзін теріп, HP Recovery Manager
тармақтарын таңдаңыз.
2. Сұралса, бағдарламаға жалғастыруға рұқсат ету үшін Да (иә) түймесін басыңыз.
3. Қалпына келтіру тасығышын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Егер жүйені қалпына келтіру қажет болса, HP қалпына келтіру менеджерін қолданып қалпына келтіру
(34-бет) бөлімін қараңыз.
Мәселелер орын алса 33