Getting started
6. Компьютерді жаңалау пәрменін таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows операциялық жүйесінің медиасын(бөлек сатылады) қолданып, қалпына келтіру
Windows-тің операциялық DVD жүйесіне тапсырыс беру үшін, қолдау бөлімімен байланысыңыз.
http://www.hp.com/support бөліміне кіріп, мемлекетті немесе аймақты таңдаңыз, содан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows операциялық жүйесінің медиасын қолдану, қатты дискідегі барлық
мағлұматтарды жойып жібереді. Сіздің компьютеріңізде құрылған және кез-келген орнатылған
файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған кезде, қалпына келтіру процесі операциялық
жүйені, сонымен қатар драйверлерді, бағдарламалық құралдарды және қызметтік бағдарламаларды
қалпына келтіруге көмектеседі.
Қалпына келтіруді Windows амалдық жүйесі ақпарат тасушысын пайдаланып бастау үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минут алады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдарды көшіріңіз.
2. Компьютерді қайта іске қосып, операциялық жүйені орнату үшін Windows операциялық жүйесі
ақпарат тасушысымен берілген нұсқауларды орындаңыз.
3. Сұралған кезде пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жөндеу аяқталып, Windows жұмыс үстелі көрінгенде:
1. Windows операциялық жүйесі ақпарат тасушысын алып, Драйверді қалпына келтіру ақпарат
тасушысын салыңыз.
2. Алдымен құрылғыны іске қосу драйверлерін орнатып, сосын ұсынылған бағдарламаларды
орнатыңыз.
Компьютерді пайдалану, жаңарту және оған техникалық
қызмет көрсету
Бір орыннан мына тапсырмаларды орындай аласыз:
●
Компьютер атын және басқа жүйелік параметрлерді көру немесе өзгерту
●
Құрылғыны немесе принтерді қосу және басқа жүйелік параметрлерді өзгерту
●
Моделіңізге қатысты анықтаманы және қолдауды алу
●
Компьютерге HP қолдау бағдарламаларын орнату
●
Компьютер үшін қосалқы бөлшектерді және қосалқы құралдарды сатып алу
Орынды ашу үшін шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғарғы оң немесе төменгі оң
бұрышына жылжып, Параметрлер > ДК параметрлерін өзгерту түймешігін басыңыз.
Компьютерді пайдалану, жаңарту және оған техникалық қызмет көрсету 25