Getting started
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін Windows
амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер DVD дискін ашпаса, компьютерді қайта бастап, компьютер қосылып
жатқанда, Esc пәрменін басыңыз. Іске қосу мәзірін таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып,
Enter пернесін басыңыз. Қалпына келтіру DVD-і қосылған орынды таңдау үшін, меңзер кілттерін
қолданыңыз. Сол құрылғыдан іске қосу үшін Enter пернесін басыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Установить сейчас (қазір орнату) пәрменін таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін:
1. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарып алып, Драйверлерді қалпына келтіру DVD
дискісін салыңыз.
2. Экрандағы нұсқаулық орындап, алдымен құрылғыны іске қосу драйверлерін орнатып, сосын
ұсынылған бағдарламаларды орнатыңыз.
Компьютерді пайдалану, жаңарту және оған техникалық
қызмет көрсету
Бір орыннан мына тапсырмаларды орындай аласыз:
●
Компьютер атын және басқа жүйелік параметрлерді көру немесе өзгерту
●
Құрылғыны немесе принтерді қосу және басқа жүйелік параметрлерді өзгерту
●
Моделіңізге қатысты анықтаманы және қолдауды алу
●
Компьютерге HP қолдау бағдарламаларын орнату
●
Компьютер үшін қосалқы бөлшектерді және қосалқы құралдарды сатып алу
Осы орынды ашу үшін Пуск > Устройства и принтеры тармағына өтіп, дербес компьютер белгішесін
екі рет нұқыңыз.
14 1-тарау Windows 7 жүйесінде жұмысқа кірісу