Getting started
8. Компьютер қайта іске қосылғанда, «Диспетчер восстановления» бағдарламасының экранын қайта
көресіз. Мне нужна быстрая помощь тізімінде Восстановление системы тармағын таңдаңыз.
Сізге файлдардың сақтық көшірмесін жасау ұсынылып, оны орындамасаңыз, Сначала
выполнить резервное копирование файлов (рекомендуется) түймесін таңдап, Далее түймесін
басыңыз. Әйтпесе, Восстановить без резервного копирования файлов түймесін таңдап, Далеe
түймесін басыңыз.
9. Жүйені қалпына келтіру басталады. Жүйені қалпына келтіру аяқталғанда, компьютерді қайта іске
қосу үшін Готово түймесін басыңыз.
10. Windows жүктелген кезде, компьютер жұмысын аяқтап, барлық перифериялық құрылғыларды
қайта жалғап
, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Windows жауап бермеген кезде жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді және
бағдарламаларды жояды.
Егер Windows жүйесі жауап бермей, компьютер істеп тұрса, жүйені төмендегі қадамдарды орындап
қалпына келтіріңіз.
1. Компьютерді өшіріңіз. Қажет болса, қуат түймесін компьютер өшкенше басып тұрыңыз.
2. Компьютерден монитор, пернетақта және тінтуірден басқа барлық перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз.
4. HP логотипі бар экранды көргенде, пернетақтадағы F11 пернесін экранда Windows загружает
файлы… хабары пайда болғанша қайта-қайта басыңыз.
5. HP қалпына келтіру бөлшегі менеджері экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Windows жүктелген кезде, компьютер жұмысын аяқтап, барлық перифериялық құрылғыларды
қайта жалғап, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Қалпына келтіру медиасын қолданып, жүйені қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде)
Егер қалпына келтіру медиасын HP Recovery Manager-ді қолдана отырып, қалпына келтіру медиасын
жасау (таңдаулы үлгілерде ғана) (7-бет) қолданып жасаған болсағыз, осы бөлімде берілген
қадамдарды орындаңыз. Егер HP қалпына келтіру дискін жасақтаушыны қолданып, Windows 7
амалдық жүйесінің DVD-і мен Driver Recovery (драйвер DVD-ін) жасақтасаңыз, осы бөлімдегі
қадамдарды орындаңыз HP жүйесінің қалпына келтіру дискілерін қолдану (тек таңдаулы үлгілерде)
(13-бет).
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді және
бағдарламаларды жояды. Ықшам немесе DVD дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды
деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушыларының көмегімен жүйені қалпына келтіру үшін:
1. Егер DVD дискілері жинағын пайдаланып жатсаңыз, DVD драйвері науасына 1-қалпына келтіру
дискісін салып, науаны жабыңыз. Егер қалпына келтіру USB флэш жадын пайдаланып жатсаңыз,
оны USB портына қайта қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймесін, сосын Жұмысты аяқтау түймесін басыңыз.
– немесе –
Компьютер жауап бермей жатса, қуат түймесін 5 секундтай немесе компьютер өшкенше басып
тұрыңыз.
12 1-тарау Windows 7 жүйесінде жұмысқа кірісу