Getting started
HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасағыш) қолданбасын арқылы қалпына келтіру
дискілерін жасау (таңдаулы үлгілерде ғана)
HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасағыш) компьютерлік бағдарламасы, таңдаулы
үлгілерде қалпына келтіру дискілерін жасауға мүмкіндік береді. Компьютер жұмыс жүйелерін
толығымен реттегеннен соң, HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасағыш)
бағдарламасын қолданып, қалпына келтіру дискілерін жасауыңызға болады. Қатты диск зақымданып
қалған жағдайда, қалпына келтіру дискілері амалдық жүйенің түнұсқасын қайта орнату және
драйверлер мен қолданбаладры таңдау мүмкіндігін ұсынады. HP қалпына келтіру дискін жасағыш екі
түрлі қалпына келтіру дискісін жасайды:
●
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісінен қосымша драйверлер немесе бағдарламаларды
орнатпай амалдық жүйе орнатылады.
●
Драйверлерді қалпына келтіру DVD дискісінен дәл HP Software Setup утилитасы драйверлер мен
қолданбаларды орнатқандай, тек белгілі бір драйверлер мен қолданбалар орнатылады.
Сақтық дискілерін жасау үшін, компьютерде DVD жазғыш болу керек. Келесі дискілердің бірін
қолданыңыз (бөлек сатылады): DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL, немесе DVD±RW. Қолданылатын
дискілер қолданыстағы оптикалық драйв түріне байланысты болады.
Қалпына келтіру дискілерін жасақтау
ЕСКЕРТПЕ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD-і бір рет қана жасалады. Windows DVD-ін жасағаннан
кейін, медианы жасау опциясы қолжетімсіз болады.
Windows DVD дискісін жасау үшін:
1. Пуск (бастау) > Все программы (барлық бағдарламалар) > Өнімділік және аспаптар > HP
қалпына келтіру дискін жасақтау тармақтарын таңдаңыз.
2. Windows дискісін таңдаңыз.
3. Ашылмалы мәзірден қалпына келтіру құралын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Дискіге көшіре бастау үшін, Cоздать (жасау) түймесіне басыңыз. Диск жасақталған соң, оны
белгілеп, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі жасалғаннан кейін Драйверлерді қалпына келтіру DVD
дискісін жасаңыз:
1. Пуск (бастау) > Все программы (барлық бағдарламалар) > Өнімділік және аспаптар > HP
қалпына келтіру дискін жасақтау тармақтарын таңдаңыз.
2. Драйверлер дискісін таңдаңыз.
3. Ашылмалы мәзірден қалпына келтіру құралын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Дискіге көшіре бастау үшін, Cоздать (жасау) түймесіне басыңыз. Диск жасақталған соң, оны
белгілеп, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау
Жүйе орнатылғаннан кейін, бастапқы сақтық көшіруді дереу жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама мен
деректер файлдарын қосқаннан кейін, орынды сақтық көшіруді қамтамасыз ету үшін жүйені әдепкі
негізде сақтық көшіруді жалғастыруыңыз тиіс. Бастапқы және одан кейін жасалған сақтық көшірмелер
ақаулық болған жағдайда деректер мен параметрлерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Деректеріңіздің сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискке, желі драйверіне немесе дискілерге
сақтауға болады.
Сақтық көшірме жасау барысында мыналарды ескеріңіз:
Мәселелер орын алса 9