Getting started
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2. Операциялық жүйе іске қосылудан бұрын F8 пернесін басып тұрыңыз. Кеңейтілген жүктеу
опциялары экраны пайда болады.
3. Last Known Good Conguration (Соңғы белгілі жақсы теңшелім) опциясын ерекшелеу үшін
көрсеткі пернелерін пайдаланып, компьютерді іске қосу үшін Enter пернесін басыңыз.
●
Компьютер іске қосылса, бірақ операциялық жүйе жүктелмесе, «pre-boot» диагностикалау
бағдарламасын, HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) мүмкіндігін
пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын
диагностикалау) қызметін пайдалану (4-бет) бөлімін қараңыз.
●
Компьютер операциялық жүйені жүктесе, келесі құралдардың бірін пайдаланыңыз. Олар өзіндік
диагностика мен онлайн чат мүмкіндіктерін (интернетке қосылатын болса) қамтамасыз етеді.
◦
Егер сізде HP Support Assistant бағдарламасы болса, оны HP Support Assistant белгішесін екі
рет басу арқылы ашыңыз.
◦
Ал HP Support Assistant бағдарламасы орнатылған болмаса, HP Instant Support Professional
Edition бағдарламасын http://www.hp.com/go/ispe мекенжайынан ашыңыз.
Онлайн қолдау туралы ең соңғы мәліметтерді, бағдарламаларды және драйверлерді алу,
ескертулерді оқу және пайдаланушылар мен HP мамандарының дүниежүзілік бірлестігімен сөйлесу
үшін Business Support Center (BSC) қолдау орталығына http://www.hp.com/go/bizsupport мекенжайы
бойынша кіріңіз.
Жан-жақты онлайн техникалық қолдауды http://www.hp.com/support мекенжайынан алуға да
болады.
Егер техникалық қолдау қызметіне хабарласу қажет болса, қоңырауыңыздың дұрыс өңделуін
қамтамасыз ету үшін келесі әрекеттерді орындауға дайын болыңыз:
●
Қоңырау шалмас бұрын:
◦
Жүйеге жақында қосылған бүкіл жабдықты алып тастаңыз.
◦
Жақында орнатылған барлық бағдарламаларды жойыңыз.
◦
Өнімнің идентификатор нөмірін, компьютер мен монитордың сериялық нөмірлерін және
мүмкін болса диагностикалау арқылы жасалған ақаулық идентификаторын жазып алыңыз.
●
Қоңырау соққанда компьютердің алдында болыңыз.
●
Мәселені шешкенде қызмет көрсету маманының жанында болыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сатылымдар мен кепілдік жаңартулары туралы мәліметтерді (HP күтім жинағы) жергілікті
уәкілетті қызмет көрсетушіден немесе дилерден алуға болады.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесінде жөндеу
Компьютеріңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет
кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым
қадамдары арқылы компьютерді қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға
болады.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру медиасын жасау және сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
6 1-тарау Windows 7 жүйесінде жұмысқа кірісу