HP LaserJet Pro MFP M125, M126, M127, M128 - Getting Started Guide
9
1-әдіс: HP Easy Start (Windows және OS X)
қызметінен жүктеп алу
1. 123.hp.com/laserjet торабына өтіп, Жүктеп алу (Download) түймесін
басыңыз.
2. Файлды компьютерге сақтау үшін экрандағы нұсқауларды және
ұсыныстарды орындаңыз.
3. Файл сақталған қалтаның ішінен бағдарламалық құрал файлын іске қосып,
мына бөлімдегі нұсқауларды орындаңыз: «6. Бағдарламалық құралды
орнату».
2-әдіс: принтердің қолдау көрсетілетін
веб-торабынан (Windows және OS X) жүктеп алу
1. Келесі торапқа өтіңіз: www.hp.com/support/ljMFPM125series,
www.hp.com/support/ljMFPM126series,
www.hp.com/support/ljMFPM127series немесе
www.hp.com/support/ljMFPM128series.
2. Software and drivers (Бағдарламалық құрал және драйверлер) опциясын
таңдаңыз.
3. Принтер үлгісі мен операциялық жүйе үшін бағдарламалық құралды жүктеп
алыңыз.
4.
Осы .exe немесе .zip файлын қажетінше басу арқылы орнату файлын іске
қосып, келесі бөлімге өтіңіз: «6. Бағдарламалық құралды орнату».
3-әдіс: принтердің ықшам дискісінен орнату
(тек Windows)
1. Принтердің ықшам дискісін компьютерге салыңыз.
2. Мына бөлімге өтіңіз: «6. Бағдарламалық құралды орнату».
Windows толық шешімі
1. Принтердің ықшам дискісін компьютерге салыңыз немесе
Интернеттен жүктеп алынған бағдарламалық құралдың орнату
файлын іске қосыңыз.
2. Бағдарламалық құралды орнатушы операциялық жүйенің тілін
анықтайды да, орнату бағдарламасының негізгі мәзірін сол тілде
көрсетеді. Ықшам дискіден орнатқан кезде орнату бағдарламасы
30секундтан кейін іске қосылмаса, компьютерде ықшам дискіні
шолып, SETUP.EXE деп аталатын файлды іске қосыңыз.
3. Бағдарламалық құралды орнату үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Байланыс түрін таңдауға нұсқау берілгенде байланыс түрінің тиісті
опциясын таңдаңыз:
• Осы компьютерді USB кабелін пайдаланып тікелей қосу
• Желі арқылы қосу
• Бірінші сымсыз байланысты орнату бойынша көмек алу
ЕСКЕРТПЕ. Желі арқылы қосу кезінде өнімді таңдаудың ең оңай
жолы — Automatically nd my printer on the network (Желіде
принтерімді автоматты түрде табу) параметрін таңдау
OS X толық шешімі
1. Интернеттен жүктеп алынған .dmg бағдарламалық құралды орнату
файлын іске қосыңыз.
2. Бағдарламалық құралды орнатушы операциялық жүйенің тілін
анықтайды да, орнату бағдарламасының негізгі мәзірін сол тілде
көрсетеді.
3. Бағдарламалық құралдың лицензиялық келісімі экранынан кейін
орнату түрін таңдаңыз.
4. Бағдарламалық құралды орнату үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
5. Бағдарламалық құралды орнату процесінің соңында принтер
опцияларын конфигурациялау үшін HP Utility Setup Assistant
орнатукөмекшісін пайдаланыңыз.
OS X негізгі орнатымы
Ықшам дискіден немесе hp.com жүктеуінен HP толық шешім
бағдарламалық құралын іске қоспастан негізгі баспа және факс
драйверлерін орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Принтерді компьютерге немесе желіге қосыңыз.
2. System Preferences (Жүйе теңшелімдері) терезесінде Printers and
Scanners (Принтерлер мен сканерлер) түймесін басыңыз, одан кейін
төменгі сол жақтағы қосу түймесін басыңыз және AirPrint немесе
Secure AirPrint атаулы драйверді пайдаланып M125, M126, M127
немесе M128 тармағын таңдаңыз.
HP үшін Readiris Pro
Оптикалық мәтінді тану (OCR) мүмкіндігін қоса, қосымша сканерлеу
мүмкіндіктерін қосу үшін осы тегін бағдарламалық құралды жүктеп алыңыз.
Вебтен бағдарламалық құралды жүктеп алу үшін келесі торапқа өтіңіз:
• www.hp.com/support/ljMFPM125series
• www.hp.com/support/ljMFPM126series
• www.hp.com/support/ljMFPM127series
• www.hp.com/support/ljMFPM128series
Drivers (Драйверлер) опциясын таңдап, тиісті операциялық жүйені таңдап,
Next (Келесі) түймесін басыңыз. Одан кейін Application - 3rd Party (Қолданба
- үшінші тарап) түймесін, Download (Жүктеп алу) түймесін басыңыз.
6.
Бағдарламалық құралды орнату
5.
Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе жүктеп алу
Stars_EAC_GSG_CZ172-91022.indd 9 2015-12-10 13:49:13