HP LaserJet Pro MFP M125, M126, M127, M128 - Getting Started Guide
13
Факс ақауларын шешу (тек fn, fp және fw үлгілері)
Жалғанғанын тексеру
• Телефон сымының принтердің артындағы факс
портына және
розеткаға жалғанғанын тексеріңіз.
• Қосымша телефон немесе басқа қосымша құрылғы үшін телефон
сымының принтер артындағы телефон
портына және құрылғыға
жалғанғанын тексеріңіз.
• Теру үні анықталмағандықтан немесе желі бос емес болғандықтан
телефоннан қоңырау шала алмасаңыз, басқа телефон желісіне
жалғаңыз.
• Fax over IP қызметі үшін Fax Speed (Факс жылдамдығы) мәнін азайтып
принтердің басқару тақтасындағы Fax Settings (Факс параметрлері)
мәзірінен Error Correction Mode (Қателерді түзету режимі) опциясын
ажыратыңыз.
Принтердің факс параметрлерін тексеру
• Телефон компаниясынан немесе қызмет провайдерінен дауысты пошта
қызметін пайдалансаңыз, принтердің Rings to Answer (Жауап беруге
арналған қоңырау үндері) параметрі үшін авто жауап беру аппаратына
қарағанда азырақ қоңырау үні орнатылғанын тексеріңіз.
• Егер бірнеше телефон нөмірлері үшін бірдей телефон желісі
тағайындалып, желі бірнеше құрылғылар үшін ортақ болса, принтер
үшін дұрыс ерекше қоңырау үні параметрі орнатылғанын тексеріңіз.
Принтердің факстарға жауап беру және басқа қоңырау үні түрлерін
елемейтін параметрді пайдаланыңыз.
• Факс жылдамдығы параметрін Орташа (V.17) немесе Баяу (V.29) күйіне
реттеу факс жіберу мүмкіндігін жетілдіреді.
Stars_EAC_GSG_CZ172-91022.indd 13 2015-12-10 13:49:13