HP LaserJet Pro MFP M125, M126, M127, M128 - Getting Started Guide

10
Электрондық пошта арқылы HPePrint функциясын пайдалану үшін принтер
мына талаптарға сай болуы керек:
Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру
мүмкіндігі бар болуы керек.
Принтерде HPWeb Services қосылып тұруы және принтер HPConnected
қызметіне тіркелген болуы керек.
HP Web қызметтерін қосу
Сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
1. Принтер желіге қосылған кезде принтер желісінің IP мекенжайын
веб-шолғышқа енгізіңіз. Принтер IP мекенжайын табу үшін келесі
опциялардың бірін пайдаланыңыз:
Осы Жұмысты бастау нұсқаулығындағы «Принтердің IP мекенжайын
табу» бөліміне өтіңіз
Пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
2. Веб-бетте осы пайда болса, HP Web Services (HP веб-қызметтері)
жиекбелгісін басыңыз.
3. Пайдалану шарттарын қарап шығып қабылдап, Enable (Қосу) түймесін
басыңыз.
Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Web Services
(Веб-қызметтер) түймесін түртіңіз.
2. Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу) түймесін түртіңіз. Принтер
веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады.
Ақпарат бетінде HP принтерін HPConnected қызметінде тіркеу үшін қажет
принтер коды болады.
3. HP ePrint есептік жазбасын жасау және орнату процесін аяқтау үшін
www.hpconnected.com торабына өтіңіз.
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қосылған құрылғыдан, керек десеңіз бірдей желіде емес құрылғылардан принтердің электрондық пошта мекенжайына
электрондық пошта тіркемесі ретінде жіберу арқылы оларды басып шығару үшін электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін пайдаланыңыз.
7.1
Құрылғыны сымсыз желіге қосу
Телефоннан немесе планшеттен басып шығару үшін құрылғыны принтер
қосылған сымсыз желіге қосыңыз.
Apple iOS құрылғылары (AirPrint)
Басып шығаратын элементті ашып, Action (Әрекет) белгішесін таңдаңыз.
Printасып шығару) опциясын, принтерді, одан кейін Printасып
шығару) опциясын таңдаңыз.
Жаңарақ Android құрылғылары (4.4 немесе одан жаңа)
Басып шығаратын элементті ашып, Menu (Мәзір) түймесін басыңыз. Print
(Басып шығару) тармағын, принтерді, одан кейін Print (Басып шығару)
тармағын таңдаңыз.
Кейбір құрылғылар үшін Google Play дүкенінен HP Print Service қосымша
бағдарламасын жүктеп алу қажет.
Ескірек Android құрылғылары (4.3 немесе одан ескі)
Google Play дүкенінен HP ePrint бағдарламасын жүктеп алыңыз.
Windows Phone
Windows Store дүкенінен HP AiO Remote бағдарламасын жүктеп алыңыз.
Мобильді басып шығару туралы қосымша
мәліметтер
Басқа мобильді басып шығару параметрлері, соның
ішінде қосымша ePrint шешімдері туралы қосымша
мәліметтер алу үшін QR кодын сканерлеңіз немесе
пайдаланушы нұсқаулығының «Мобильді басып
шығару» бөлімін қараңыз
7.2
HP Wireless Direct
(тек nw, rnw және fw сымсыз үлгілері)
HP Wireless Direct мүмкіндігі желіге немесе Интернетке байланысты қажет
етпестен сымсыз мобильді құрылғыдан HP Wireless Direct қосылған
принтеріне тікелей жақыннан басып шығаруға мүмкіндік береді.
HP сымсыз тікелей қосылу мүмкіндігін қосу
HP Wireless Direct мүмкіндігін басқару панелінен орнату үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
Сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Орнату) түймесін басып,
келесі мәзірлерді ашыңыз:
Network Setup (Желіні орнату)
Сымсыз байланыс мәзірі
Wireless Direct
2. On (Қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Принтер
параметрді сақтап, басқару панелінде Wireless Direct Settings
(Wireless Direct параметрлері) мәзірі қайта ашылады.
Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Wireless
(Сымсыз) түймесін түртіп, келесі мәзірлердің бірін ашыңыз:
Сымсыз байланыс мәзірі
Wireless Direct параметрлері
Қосу/өшіру
2. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз. Принтер параметрді сақтап,
басқару панелінде Wireless Direct Settings (Wireless Direct
параметрлері) мәзірі қайта ашылады.
Сымсыз басып шығару мен сымсыз орнату туралы қосымша
ақпаратты мына беттен қараңыз: www.hp.com/go/wirelessprinting.
Принтерді ашу
1. Мобильді құрылғыдан WiFi қызметін қосып, сымсыз желілерді
іздеңіз.
2. Принтердің басқару тақтасында «HP-Print-үлгі-аты» ретінде
көрсетілетін принтерді таңдаңыз. Принтер атының үлгісі:
HP-Print-29-AJ OJP 8620
7.
Мобильді және сымсыз басып шығару (қосымша)
8.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін орнату (қосымша)
Stars_EAC_GSG_CZ172-91022.indd 10 2015-12-10 13:49:13