HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - Warranty and Legal Guide
Қосымша ақпарат:
Өнім осы құжат арқылы R&TTE нұсқауы 1999/5/EC, EMC Directive 2004/108/EC (электромагниттік үйлесімділік туралы нұсқау) және Low
Voltage Directive 2006/95/EC (төмен кернеу туралы нұсқау), 2009/125/EC экодизайн нұсқауы, RoHS нұсқауы 2011/65/EU талаптарына сай
келеді және сәйкесінше CE белгісімен таңбаланған.
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Қолданысы төмендегі екі шартқа тәуелді болады: (1) бұл құрылғы зиянды
кедергі тудырмауы керек және (2) бұл құрылғы кез келген алынған кедергіні, соның ішінде қажетсіз әрекеттің тууына себепші болатын
кедергіні де қабылдауы керек.
1. Бұл өнім HP компаниясының компьютерлер жүйесі арқылы әдеттегі конфигурацияда сынақтан өткен.
2. Заңдық реттеу мақсатында, бұл өнімге заңдық реттеу үлгісінің нөмірі тағайындалған. Бұл нөмірді нарықтық атауларымен немесе
өнімнің нөмірлерімен шатастырмаңыз.
3. Жоғарыда көрсетілгендермен бірге тиісті елдерге/аймақтарға лайықты болатын телекоммуникация қадағалау органының
рұқсаттары мен стандарттары осы құрылғыға қолданылды.
4. Бұл өнім аналогтық факстың қосалқы модулін пайдаланады. Оның реттеуші үлгі нөмірі: BOISB-1102-00 (US-LIU) немесе BOISB-1102-01
(EURO LIU), осы құрылғы сатылатын елдердің/аймақтардың техникалық талаптарға сай.
5. Бұл өнім сатылатын елдердегі/аймақтардағы техникалық талаптарға сәйкес келетін SDGOB-1191 заңдық реттеу үлгісі бар радио
модуль құрылғысын пайдаланады.
Шанхай, Қытай
1 қараша, 2015 ж.
Тек ережелерге қатысты мәселелер бойынша мына жерге хабарласыңыз:
Еуропа бойынша хабарласу: HP Deutschland GmbH, HP HQ-TRE, 71025 Boeblingen, Германия
АҚШ бойынша хабарласу: HP Inc., 1501 Page Mill Road, Palo Alto 94304, АҚШ 650-857-1501 www.hp.eu/certificates
KKWW Сәйкестік декларациясы (M127fw-M128fw) 45










