HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide
Сенсорлы экранның басқару тақтасы
а. Өнімнің басқару тақтасындағы «Негізгі» экранда Setup (Параметрлерді орнату)
түймесін
басыңыз.
ә. Reports (Есептер) мәзірін түртіңіз.
б. Configuration Report (Конфигурация туралы есеп) түймесін түртіңіз.
Осы қадамдардың ешқайсысы мәселені шешпесе, өнімге қызмет көрсету керек болуы мүмкін. HP
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Қағаз кептелістерін болдырмау
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның шамадан тыс толтырылмағанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар
жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа өнімге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8. Нау
аның қағаз түріне және өлшеміне дұрыс теңшелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
KKWW Қағазды беру немесе кептелу мәселелерін шешу 83