HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

Қағазды беру немесе кептелу мәселелерін шешу
Өнімде қағазды беру немесе кептелу қайталанатын мәселелері болса, қайталанулар санын азайту үшін
келесі ақпаратты пайдаланыңыз.
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
3. Құралдың басқару тақтасында қағаз өлшемі мен түрінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
4. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
5. Қағазды қолмен беру сұр
ауын ра
стау үшін, өнімнің күтіп тұрғанын қарау мақсатында, өнімнің
басқару панелін тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
6. Тартып алу ролигі және бөлу төсемесі ласталған болуы мүмкін.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз және оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз. Қағазды
желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды па
йдаланыңыз.
4. Науаның шамадан тыс толтырылмағанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар
жинағын шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
6. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
Жиі немесе қайталанатын қағаз кептелістері
Жиі қағаз кептелістері мәселелерін шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Егер бірінші қадам
мәселені шешпесе, мәселе шешілгенше келесі қадамды жалғастырыңыз.
1. Өнімде қағаз кептеліп қалса, кептелісті кетіріңіз де, өнімді тексеру үшін конфигурациялық бетті
басып шығарыңыз.
2. Басқару тақтасында науа дұрыс қағаз өлшеміне және түріне конфигурациялаңыз. Қажет болса,
қағаз параметрлерін реттеңіз.
3. Өнімді өшіріп, 30 секунд күтіңіз де, қайта
дан қосыңыз.
4. Өнімнің ішінен артық тонерді кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз.
KKWW Қағазды беру немесе кептелу мәселелерін шешу 81