HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Өніміңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға және өнімді
бақылау мен оған қызмет көрсету тәсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттар және
ұсынылған протоколдар қолданылады.
HP қауіпсіздік кескін өңдеу және басып шығару шешімдері жөнінде толық ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торап қауіпсіздік мүмкіндіктері жөніндегі ақ
беттерге және жиі қойылатын сұрақтар құжаттарына сілтемелерді береді.
Өнім кілтсөзін орнату немесе өзгерту
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып кілтсөзді орнатыңыз немесе желідегі өнімнің бұрыннан бар
кілтсөзін өзгертіңіз.
СКД басқару тақтасы
1. Өнімнің IP мекенжайын табыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы Орнату
түймесін басыңыз.
ә. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
Network Setup (Желіні орнату)
IP мекенжайын көрсету
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын
енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының құралдар
жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де болады.
3. System (Жүйе) қойындысын басыңыз да, Product Security (Өнім қауіпсіздігі) сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер құпия сөз алдын ала орнатылған болса, құпия сөзді теру ұсынылады. Құпия
сөзді енгізіп, Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
4. Жаңа құпия сөзді New Password (Жаңа құпия сөз) және Verify Password (Құпия сөзді тексеру)
өрістерінде енгізіңіз.
5. Құпия сөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақтасы
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Network (Желі)
түймесін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын
енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының құралдар
жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де болады.
3. System (Жүйе) қойындысын басыңыз да, Product Security (Өнім қауіпсіздігі) сілтемесін басыңыз.
64 7-тарау Өнімді басқару KKWW