HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: кіру кодтарын, несие карталарын немесе телефон карталарын пайдалану үшін
үзілістерді және теру кодтарын пайдалану үшін нөмірді қолмен теру керек. Факсті шетелдегі
нөмірге жіберу үшін үзілістерді және халықаралық теру кодтарын ескеру үшін нөмірді қолмен
теріңіз. Кіру кодтары, несие карталары, телефон карталары үшін немесе халықаралық
қоңыраулар шалу үшін жылдам терулерді пайдалану мүмкін емес.
4. Start Fax (Факс жіберуді бастау) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер сканер шынысынан факс жіберіп жатсаңыз және құжатта бірнеше бет болса,
растау және қосымша беттерді салу үшін басқару тақтасының нұсқауларын орындаңыз.
HP бағдарламалық құралын пайдаланып факс жіберу (Windows)
1. Құжатты салыңыз.
Егер сканер шынысына түпнұсқаны салып жатсаңыз, оны сканер шынысына бетін төмен
қаратып, сканер шынысының сол жақ артқы бұрышына қойыңыз.
Егер құжат бергішке бірнеше бетті салып жатсаңыз, беттерді бетін жоғары қаратып
салыңыз, содан кйеін қағазға тигенше қағаз бағыттағыштарын реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: егер құжаттар бір уақытта құжат бергіште де, сканер әйнегінде де болса, өнім
ск
анер әйнегіндегі емес, құжат бергіштегі құжатты өңдейді.
2. Start (Бастау) түймесін басып, Programs (Бағдарламалар) (немесе Windows XP жүйесінде All
Programs (Барлық бағдарламалар)) тармағын, содан кейін HP тармағын таңдаңыз.
3. Өнім атауын басып, содан кейін HP Send fax (HP факс жіберу) түймесін басыңыз. Факстың
бағдарламалық құралы ашылады.
4. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
5. Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.
KKWW Факсті жіберу 53