HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: факс мүмкіндігін пайдалану үшін факс уақытын, күнін және тақырып параметрлерін
конфигурациялауды қажет етеді.
●
Факс уақытын, күнін және тақырыбын конфигурациялаңыз
●
Автономдық факсті орнату
●
Жауап беру машинасы үшін конфигурациялау
●
Қосымша телефон үшін конфигурациялау
Факс уақытын, күнін және тақырыбын конфигурациялаңыз
Бұл параметрлерді бағдарламалық құралды орнатқанда конфигурациялаған болуыңыз мүмкін.
Өнімнің басқару тақтасын HP факсты орнату шеберін пайдаланып бұл параметрлерді кез келген
уақытта конфигурациялауға болады.
●
Басқару тақтасы
●
HP факсты реттеу шеберін (Windows) пайдалану
Басқару тақтасы
СКД басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Орнату
түймесін басыңыз.
2. System Setup (Жүйені реттеу) тармағын таңдаңыз да, Time/Date (Уақыт/күн) параметрін
таңдаңыз.
3. 12 немесе 24 сағат пішіміндегі сағатты таңдаңыз.
4. Пернетақтаны пайдаланып ағымдағы уақытты енгізіп, OK түймесін басыңыз.
5. Күн пішімін таңдаңыз.
6. Пернетақтаны пайдаланып ағымдағы күнді енгізіп, OK түймесін басыңыз.
7. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын таңдап, Fax Header (Факс тақырыбы) параметрін
таңдаңыз.
8. Пернетақтаны п
а
йдаланып факс нөмірін енгізіп, OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
9. Пернетақтаны пайдаланып компания атын немесе тақырыбын енгізіп, OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі 40 болады.
Сенсорлы экранның басқару тақтасы
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Орнату
түймесін басыңыз.
2. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын таңдаңыз да, Basic Setup (Негізгі реттеу) тармағын таңдаңыз.
3. Time/Date (Уақыт/күн) пәрменін таңдаңыз.
4. 12 немесе 24 сағат пішіміндегі сағатты таңдаңыз.
KKWW Өнімді қосу және факс үшін реттеу 47