HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламалық құралы кез келген HP ePrint қолдайтын өнімге жұмыс үстелінен немесе
ноутбуктен басып шығаруды оңай етеді. Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін қолданбадан
Басып шығару опциясын ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint тармағын таңдаңыз.
Бұл бағдарламалық құрал HP Connected тіркелгісіне тіркелген HP ePrint қосылған өнімдерді табуды
оңай етеді. Мақсатты HP өнімі үстелде немесе қашықтағы орында болуы мүмкін (мысалы, филиал
кеңсесінде немесе дүние жүз
інде).
Win
dows жүйесі үшін HP ePrint бағдарламалық құралы сонымен бірге қолдау көрсетілетін PostScript®
өнімдеріне желідегі (LAN немесе WAN) жергілікті желілік принтерлерге дәстүрлі тікелей IP басып
шығаруды қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін
www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламалық құралы — Mac жүйесіне арналған PDF жұмыс үрдісінің
қызметтік бағдарламасы және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес. Mac жүйесі үшін HP ePrint
бағдарламалық құралы басып шығару жолдарын тек HP Connected арқылы қолдайды және жергілікті
желілік принтерлерге тікелей IP басып шығаруды қолдамайды.
AirPrint
Apple шығарған AirPrint функциясы арқылы тікелей басып шығаруға iOS операциялық жүйесінің 4.2
немесе одан кейінгі нұсқаларында қолдау көрсетіледі. AirPrint функциясын iPad, iPhone (3GS немесе
одан жаңа) немесе сенсорлы iPod (үшінші буыны немесе жаңа) құрылғысынан келесі қолданбалардан
өнімге тікелей басып шығару үшін қолданыңыз:
Пошта
Фотосуреттер
Safari
iBooks
Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
AirPrint функциясын қолдану үшін өнім Apple құрылғысы сияқты бірдей сымсыз желіге қосылған
болуы керек. AirPrin
t функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP өнімдері туралы
қосымша ақпарат алу үшін,
www.hp.com/go/airprint торабына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясы USB қосылымдарын қолдамайды. AirPrint функциясы тек басып
шығаруды қолдайтын мобильді функцияны қамтамасыз етеді. AirPrint сканерлеуді қолдамайды.
KKWW Вебтен басып шығару 33