HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

Вебтен басып шығару
Интернет арқылы қашықтан басып шығарудың бірнеше опциясы бар.
HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
HP ePrint функциясын қолдану үшін өнім мына талаптарға сай болуы керек:
Өнім сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
Өнімді HP веб-қызметтерін қосу керек және өн
імді HP Connected қызметінде тіркеу керек.
Сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
1. Өнімнің IP мекенжайын табыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймесін басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Network Setup (Желіні орнату)
Show IP Address (IP мекенжайын көрсету)
2. HP ендірілген веб-серверін ашу үшін компьютердегі веб-браузердің мекенжай жолына
өнімнің IP мекенжайын енгізіңіз.
3. HP ендірілген веб-серверінде HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын басыңыз да,
Enable (Қосу) пәрменін таңдаңыз. Өнім веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті
басып шығарады.
Ақпараттық бет HP
өнімін H
P Connected қызметінде тіркеу үшін пайдаланған принтер кодын
қамтиды.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін,
www.hpconnected.com торабына өтіп, параметрлерді
орнату процесін орындаңыз.
Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі экрандағы Веб-қызметтер
түймесін түртіңіз.
2. Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу) түймесін түртіңіз. Өнім веб-қызметтерді қосады,
одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады.
Ақпараттық бет HP өнімін HP Connected қызметінде тіркеу үшін пайдаланған принтер кодын
қамтиды.
3. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін,
www.hpconnected.com торабына өтіп, параметрлерді
орнату процесін орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/support бетіне өтіп өнім туралы қосымша ақпарат алыңыз.
32 3-тарау Басып шығару KKWW