HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide
6. Басылып шыққан буманы шығыс себетінен шығарып, басылған жағын төмен қаратып, алдымен
жоғарғы жиегін кіріс науасына салыңыз.
7. Компьютерден тапсырманың екінші жағын басып шығару үшін, Continue (Жалғастыру) түймесін
басыңыз.
8. Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймешікті басып жалғастырыңыз.
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Mac OS X)
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлер ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін
таңдаңыз да, Layout (Орналасу) мәзірін басыңыз.
4. Pages per Sheet (параққа бет) ашылмалы тізімінен әр парақта басып шығару керек беттер санын
таңдаңыз.
5. Layout Direction (Орналасу бағыты) аймағында парақтағы беттер реті ме
н орнын таңдаңыз.
6. Borders (Жиектер) мәзірінен әр парақтың айналасында басылатын жиек түрін таңдаңыз.
7. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Mac OS X)
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлер ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін
таңдаңыз да, Finishing (Аяқтау) мәзірін басыңыз.
4. Media-type (Баспа құралының түрі) ашылмалы тізімнен түрді таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
30 3-тарау Басып шығару KKWW