HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X)
Басып шығару жолы (Mac OS X)
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Mac OS X)
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Mac OS X)
Қағаз түрін таңдау (Mac OS X)
Басып шығару туралы қосымша ақпарат
Басып шығару жолы (Mac OS X)
Төмендегі процедурада Mac OS X үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Мәзірлер ашылмалы тізімін ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін
таңдаңыз да, басып шығару параметрлерін реттеу үшін басқа мәзірлерді таңдаңыз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Mac OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP басып шығару драйверін орнатсаңыз қол жетімді. Ол AirPrint
функциясын пайдаланып жатсаңыз қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, сонан соң Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Ашылмалы тізімді ашыңыз немесе Show Details (Мәліметтерді көрсету) пәрменін таңдаңыз да,
Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) мәзірін басыңыз.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) құсбелгісін қойыңыз да, байластыру параметрін таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз. Өнім алдымен құжаттағы барлық беттердің бі
р
інші жағын
басып шығарады.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Mac OS X) 29