HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide
Сымсыз желі ақауларын жою
●
Сымсыз байланысты тексеру парағы
●
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін өнім басып шығармайды
●
Өнім басып шығармайды және компьютерде үшінші тараптың желіаралық қалқаны орнатылған
●
Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз байланыс жұмыс істемейді
●
Сымсыз өнімге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
●
Сымсыз өнім байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
●
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
●
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
●
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
●
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Сымсыз байланысты тексеру парағы
●
Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз.
●
Өнім және сымсыз маршрутизатор қосулы және қуаты бар екенін тексеріңіз. Сондай-ақ өнімдегі
сымсыз радио қосулы екенін тексеріңіз.
●
Қызмет орнату идентификаторы (SSID) дұрыс екенін тексеріңіз. SSID идентификаторын анықтау
үшін, конфигурациялау бетін басып шығарыңыз. Егер SSID дұрыс екеніне сенімсіз болсаңыз,
сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.
●
Қауіпсіз желілер арқылы қауіпсіздік ақпараты дұрыс ек
енін тексеріңіз. Егер қауіпсіздік ақпараты
дұрыс болмаса, сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.
●
Егер сымсыз желі дұрыс жұмыс істеп тұрса, сымсыз желідегі басқа компьютерлерге кіріп көріңіз.
Егер желіде Интернетке кіру мүмкіндігі болса, Интернетке сымсыз байланыс арқылы қосылып
көріңіз.
●
Шифрлау әдісі (AES or TKIP) өнімге және сымсыз кіру нүктесіне (желілерде WPA қауіпсіздігін
пайдаланады) бірдей екенін тексеріңіз.
●
Өн
ім сы
мсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген желілер үшін, өнім сымсыз кіру
нүктесінің (сымсыз маршрутизатор) 30 м асатын ауқымында болуы тиіс.
●
Кедергілер сымсыз сигналды бөгемей тұрғанын тексеріңіз. Кіру нүктесі мен өнімнің арасындағы
кез келген үлкен метал заттарды алып тастаңыз. Құрамында метал немесе бетон бар бағандар,
қабырғалар немесе қолдау бағандары өнім және сымсыз кіру н
үктесін бөлмейтінін тексеріңіз.
●
Өнім сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін электрондық құрылғылардан қашықта
орналасқандығын тексеріңіз. Көптеген құрылғылар сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін,
оның ішінде моторлар, радиотелефондар, қауіпсіздік жүйесінің камералары, басқа сымсыз
желілер және кейбір Bluetooth құрылғылары бар.
●
Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
●
Дұрыс принтер портын таңдалғанын тексеріңіз.
110 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW