HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

Көшіру және сканерлеу сапасы
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін.
Сканерді тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімді өшіру үшін қуат түймесін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің шынысы мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа батырылған
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТ
У: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді
зақымдауы мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
ЖД басқару тақтасы
1. Start (Бастау) түймесін басып, Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP өнім топтамасын таңдап, HP құрылғысының құралдар жинағы элементін басыңыз.
3. Systems (Жүйелер) қойындысында Paper Setup (Қағазды реттеу) параметрін таңдаңыз.
СКД басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Setup (Орнату)
түймесін басыңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
Жүйе параметрі
Қағаз параметрі
3. Def. paper size (Қағаз өлшемін анықтау) параметрін таңдаңыз.
4. Кіріс науадағы қағаз өлшемінің атауын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
5. Def. paper type (Қағаз түрін анықтау) параметрін таңдаңыз.
6. Кіріс науадағы қағаз түрінің атауын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
KKWW Көшіру және сканерлеу сапасы 99