HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Әрқашан құрал қолдау көрсететін қағаз түрін және салмағын қолданыңыз. Оған қоса, қағазды
таңдаған кезде мына нұсқауларды орындаңыз:
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін және кесілмегенін, кертік
салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз ем
естігін,
қапсырмалардың жоқтығын және шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп қалмағанын тексеріңіз.
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде
пайдалануға арналған қағазды пайдаланбаңыз.
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып шығару
нәтижелерін береді.
Өнімнің қоршаған ортасын тексеру
Өнімнің Кепілдік және заңды нұсқаулығында тізімделген қоршаған орта ерекшеліктеріне сай жұмыс
істеп тұрғанын тексеріңіз.
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы
мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) т
үймесін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басыңыз да, Quality Settings (Сапа параметрлері)
аумағын таңдаңыз.
Бүкіл бет тым күңгірт болса, EconoMode (Үнемдеу режимі) параметрін таңдаңыз.
Бүкіл бет тым күңгірт болса, FastRes 1200 параметрін таңдаңыз.
4. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) ті
лқатысу терезесіндегі OK түймесін
басыңыз.
98 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW