HP LaserJet Pro MFP M125-126 M127-128 - User's Guide

Баспа сапасын жақсарту
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін орнатыңыз
Тонер картриджінің күйін тексеру
Тазалағыш бетті басып шығару
Тонер картриджінің зақымданбағанын тексеру
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шықпаса, мәселе басып
шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты болып отыр.
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін орнатыңыз
Бағдарламалық жасақтамадан басып шығарып жатсаңыз және беттерде келесі проблемалар болса,
қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
жағылған баспа
анық емес баспа
күңгірт баспа
оралған қағаз
тонердің шашыраған нүктелері
бос тонер
тонер жоқ шағын аймақтар
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймесін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Media: (Баспа құрал:) ашылмалы тізімінен дұрыс қағаз түрін таңдаңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түйм
е
сін
басыңыз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Mac OS X)
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, сонан соң Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 95