HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - Warranty and Legal Guide

Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің дуплекстеу мүмкіндігі (қолмен немесе автоматты) және N-up басып шығару (бір бетке бірнеше
бетті басып шығару) қабілеті пайдаланылатын қағазды, соның нәтижесінде табиғи ресурстарға деген
қажеттілікті азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін
пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық стандарттар бойынша
белгіленген.
HP LaserJet принтерінің жабдықтары
Түпнұсқалы HP жабдықтары ортаға сәйкес дайындалған. HP ұйымы басып шығару кезінде ресурстарды
және қағазды сақтауды жеңілдетеді. Әрі дайын болған кезде өңдеу жеңіл әрі тегін болады.
1
HP Planet Partners орталығына қайтарылған барлық HP картридждері бірнеше фазалы қайта өңдеу
процесінен өтеді, мұнда материалдар бөлініп, жаңа түпнұсқалы HP картридждері мен күнделікті өнімдерге
арналған өңделмеген материал ретінде пайдалану үшін қайта өңделеді. HP Planet Partners орталығына
қайтарылған түпнұсқалы емес HP картридждері қоқысқа жіберіледі және HP ұйымы түпнұсқалы HP
картридждерін қайта толтырмайды немесе қайта сатпайды.
HP Planet Partners қайтару және қайта өңдеу бағдарламасына кіру үшін
www.hp.com/recycle торабына
өтіңіз. HP баспа жабдықтарын қайтару туралы ақпарат алу үшін ел/аймақты таңдаңыз. Әрбір жаңа
HP LaserJet басып шығару картриджі орамасында бірнеше тілдегі бағдарлама ақпараты мен нұсқаулар
болады.
1
Бағдарламаның қолжетімділігі әр түрлі болады. Көбірек ақпаратты www.hp.com/recycle бетінен қараңыз.
Қағаз
Қағаз HP LaserJet принтері тобы басып шығару нұсқаулығы ішіндегі нұсқаулықтарға сәйкес болған кезде
бұл өнімде қайта өңделген қағазды және жеңіл қағазды (EcoFFICIENT™) пайдалануға болады. Бұл өнім
EN12281:2002 стандартына сәйкес қайта өңделетін және жеңіл (EcoFFICIENT™) қағаз үшін ыңғайлы.
Материалдарға қойылатын шектеулер
Осы HP өнімінің құрамында сынап жоқ.
Осы HP өнімінің құрамында батарея жоқ.
28 3-тарау Өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығын бақылау бағдарламасы KKWW