HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
4. Картридждердің төменгі жағындағы біліктің бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Картридждердің білігіне тимеңіз. Роликте қалған саусақ іздері баспа сапасына кері әсер
етеді.
5. Білікте қандайда бір сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар байқалса, картриджді
ауыстырыңыз.
6. Білік зақымдалмаған болып көрінсе, картриджді бірнеше рет ақырын сілкіп, орнына салыңыз.
Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді басып шығарыңыз.
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Төмендегі ақаулықтар туындаса, басқа қағазды пайдаланыңыз:
●
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
●
Басып шығарылған беттерде тонер дақтары бар.
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
●
Басып шығарылған таңбалар пішінсіз көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Әрқашан құрал қолдау көрсететін қағаз түрін және салмағын қолданыңыз. Қосымша, қағазды таңдаған
кезде осы нұсқауларды орын
даңыз.
●
Жақсы нәти
желерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін және кесілмегенін, кертік
салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз еместігін,
қапсырмалардың жоқтығын және шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп қалмағанын тексеріңіз.
●
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
●
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде пайдалануға
арналған қағазды пайдаланбаңыз.
●
Тым қатты қағазд
ы пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып шығару
нәтижелерін береді.
Өнімнің қоршаған ортасын тексеру
Өнімнің Кепілдік және заңды нұсқаулығында тізімделген қоршаған орта ерекшеліктеріне сай жұмыс істеп
тұрғанын тексеріңіз.
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі
пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы
мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түйм
есін басыңыз.
86 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW