HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide

Жүйе параметрі.
Есептер
3. Print Quality Report (Баспа сапасының есебі) опциясын таңдаңыз, сосын OK түймесін басыңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақтасы
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экранда орнату
түймесін басыңыз.
2. Reports (Есептер) мәзірін ашыңыз.
3. Print Quality Page (Баспа сапасы беті) опциясын таңдаңыз, сосын OK түймесін басыңыз.
Баспа сапасы бетінің түсіндірмесі
Бұл бетте түстің бес лентасы бар, төмендегі көрсетілгендей олар төрт топқа бөлінген. Әр бөлімді тексере
отырып, белгілі бір тонер картриджіндегі ақаулықты бөліп алуға болады.
Бөлім Тонер картриджі
1 Сары
2 Көгілдір
3 Қара
4 Қызыл
Егер нүктелер немесе жолақтар тек топтардың бірінде шықса, топпен байланысатын тонер
картриджін ауыстырыңыз.
Егер нүктелер бірден көп топта шығатын болса, тазалау бетін басып шығарыңыз. Егер бұл ақаулық
шешілмесе, нүктелердің әрдайым бірдей түсте болатынын анықтаңыз; мысалы, қызыл нүктелер
барлық түс ленталарында шығады. Егер барлық нүктелер бірдей түсте болса, тонер картриджін
ауыстырыңыз.
Егер жолақ бірнеше түс лента
ларында шықса, HP компаниясына хабарласыңыз. Тонер
картриджінен басқа құрамдас ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
Тонер картриджінің зақымданбағанын тексеру
1. Өнімнен картридждерді шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Тонер картриджінің екі жағынан ұстап, оны сілкілеу арқылы тонерді біркелкі жайыңыз.
3. Жад микросхемасының зақымдалмағанын тексеріңіз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 85