HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Mac OS X)
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, сосын Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Finishing (Аяқтау) мәзірін басыңыз.
4. Media-type (Құрал түрі) ашылмалы тізімнен түрін таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Тонер картриджінің күйін тексеру
Жабдықтар күйінің бетінде мына ақпарат берілгенін тексеріңіз:
●
Картридждің қалған қызмет мерзімінің шамаланған пайызы
●
Қалған беттердің шамамен алғандағы саны
●
HP тонер картридждерінің бөлшек нөмірлері.
● Басып шығарылған бет саны
Жабдықтар күйі бетін басып шығару үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
СКД басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймесін басыңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
●
Есептер
●
Жабдықтар күйі
3. Print Supplies status page (Жабдықтар күйі бетін басып шығару) опциясын таңдаңыз, OK түймесін
басыңыз.
Сенсорлы экранның басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экранда жабдықтар
түймесін басыңыз.
2. Жабдықтар күйі бетін басып шығару үшін Report (Есеп) түймесін түртіңіз.
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Егер басылып шыққан құжатта түсті күңгірт жерлер, бұлдыр сызбалар немесе түсі солғын аймақтар
болса, өнімді мөлшерлеп түстерді реттеу қажет болуы мүмкін. Түсті теңестіруді тексеру үшін басқару
тақтасындағы Reports (Есептер) мәзірінен диагностикалық бетті басып шығарыңыз. Егер беттегі түстер
блоктары бір бірімен теңестірілмесе, өнімді мөлшерлеу қажет болады.
СКД басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы орнату
түймесін басыңыз.
2. Келесі мәзірлерді ашыңыз:
KKWW Баспа сапасын жақсарту 83