HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide

Қағаз беру немесе кептелу мәселелерін шешу
Егер өнімде қағаз беру немесе кептелістер қайталанатын мәселелері бар болса, олардың жиілігін азайту
үшін келесі ақпаратты пайдаланыңыз.
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
3. Құралдың басқару тақтасында қағаз өлшемі мен түрінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
4. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
5. Қағазды қолмен беру сұрауын раст
ау үшін,
өнімнің күтіп тұрғанын қарау мақсатында, өнімнің
басқару панелін тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
6. Науаның жоғарғы жағындағы шығыршықтарда дақтар бар. Жылы сумен дымқылданған түксіз
матамен тазартыңыз.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз және оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз. Қағазды
желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
4. Науаның шам
адан тыс толтырылмағанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын
шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
6. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
Жиі немесе қайталанатын қағаз кептелістері
Жиі қағаз кептелістері мәселесін шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Егер бірінші қадам мәселені
шешпесе, мәселе шешілгенше келесі қадамға өте беріңіз.
1. Егер өнімде қағаз кептелсе, кептелісті кетіріп, өнімді тексеру үшін конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасында өнімнің дұрыс қағаз өлшемі мен түріне реттелгенін тексеріңіз. Қажет
болса, қағаз параметрлерін реттеңіз.
3. Құрылғыны өшіріп, 30 секунд күтіңіз де, қайта қосыңыз.
4. Өн
ім ішінен артық тонерді кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз.
74 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW