HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide

Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасын пайдаланып компьютерден өнімнің параметрлерін көруге
немесе өзгертуге болады.
HP утилитасын өнім USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізінде істейтін желіге жалғанғанда
пайдалануға болады.
HP утилитасын ашыңыз
Табу құралынан Applications (Бағдарламалар), HP тармағын таңдаңыз да, НР Utility (НР утилитасы)
түймесін басыңыз.
Егер НР Utility (НР утилитасы) қамтылмаса, оны ашу үшін келесі процедураны пайдаланыңыз:
1. Компьютерде Apple
мәзірін ашып, System Preferences (Жүйе параметрлері) мәзірін таңдаңыз,
одан кейін Print & Fax (Басып шығару және факс) белгішесін немесе Print & Scan (Басып шығару
және сканерлеу) белгішесін басыңыз.
2. Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
3. Options & Supplies (Параметрлер және жабдықтар) түймесін басыңыз.
4. Utility (Утилита) қойындысын нұқыңыз.
5. Open Printer Utility (Принтер утилитасын ашу) түймесін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP Utility (HP утилитасы) құралдар тақтасы әр беттің жоғарғы жағында тұрады. Оған кіретін
элементтер:
Devices (Құрылғылар): Экранның сол жағындағы Printers (Принтерлер) тақтасының HP Utility (HP
утилитасы) арқылы табылған Mac өнімдерін көрсету не жасыру үшін осы түймені басыңыз.
All Settings (Барлық параметр): HP Utility (HP утилитасы) негізгі бетіне оралу үішн осы түймені
басыңыз.
HP Support (HP қолдауы): Браузерді ашу және өнімің HP қолдау веб-сайтына кіру үшін ос
ы түймені
басыңыз.
Supplies (Жабдықтар): HP SureSupply веб-сайтын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Registration (Тіркеу): HP тіркеу веб-сайтын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Recycling (Кәдеге жарату): HP Planet Partners Recycling Program (HP ғаламшар серіктестерінің кәдеге
жарату бағдарламасы) веб-сайтын ашу үшін осы түймені басыңыз.
HP Utility (HP утилитасы) All Settings (Барлық параметр) тізімінен таңдау арқылы ашылатын беттерден
тұрады. Келесі кестеде НР қызметтік бағдарламасы
ның көмегімен орындауға болатын тапсырмалар
түсіндіріледі.
Мәзір Нөмірі Сипаттама
Ақпарат және қолдау Жабдықтар күйі Өнім жабдықтарының күйін көрсетіп, жабдықтарға желіде
тапсырыс беру сілтемелерімен қамтамасыз етеді.
54 7-тарау Өнімді басқару KKWW