HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide

Факсті жіберу
Өнімнің басқару тақтасынан қолмен теру арқылы факс жіберу
HP бағдарламалық құралынан факс жіберу (Windows)
ЕСКЕРТУ: өнімнің зақымдалуын болдырмау үшін түзету таспалары, түзету сұйықтығы, қағаз
қыстырғыштары немесе қапсырмалары бар түпнұсқаларды пайдаланбаңыз. Оған қоса, құжатты беру
құрылғысына фотосуреттерді, шағын түпнұсқаларды немесе сынуға бейім түпнұсқаларды салмаңыз.
Өнімнің басқару тақтасынан қолмен теру арқылы факс жіберу
1. Құжатты салыңыз.
Егер сканер әйнегіне түпнұсқаны салсаңыз, оны сканер әйнегіне төмен қаратып, сканер
әйнегінің сол жақ артқы бұрышына қарай салыңыз.
Егер құжатты беру құрылғысына бірнеше бет салсаңыз, беттерді жоғары қаратып салыңыз,
сосын қағазға тірелгенше қағаз реттеуіштерін дұрыстаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер құжаттар бір уақытта құжатты беру құрылғысында да, сканер әйнегінде де
болса, өнім ск
анер әйнегіндегі ем
ес, құжатты беру құрылғысындағы құжатты өңдейді.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экраннан Fax (Факс) опциясын таңдаңыз.
3. Факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: кіру кодтарын, несие карталарын немесе телефон карталарын пайдалану үшін факс
нөмірін қолмен теріп, үзілістерді және нөмір теру кодтарына мүмкіндік беру керек. Факсті шетелдегі
нөмірге жіберу үшін үзілістерді және халықаралық теру кодтарын ескеру үшін нөмірді қолмен
теріңіз. Кіру кодтарыме
н, несие карталарымен немесе телефон карталарымен немесе халықаралық
нөмірлерді теру үшін жылдам теруді пайдалана алмайсыз.
4. Start Fax (Факсты бастау) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер сканер әйнегінен факспен жіберсеңіз және құжатта бірнеше бет болса, қосымша
беттерді растау және салу үшін басқару тақтасының кеңестерін орындаңыз.
HP бағдарламалық құралынан факс жіберу (Windows)
1. Құжатты салыңыз.
Егер сканер әйнегіне түпнұсқаны салсаңыз, оны сканер әйнегіне төмен қаратып, сканер
әйнегінің сол жақ артқы бұрышына қарай салыңыз.
Егер құжатты беру құрылғысына бірнеше бет салсаңыз, беттерді жоғары қаратып салыңыз,
сосын қағазға тірелгенше қағаз реттеуіштерін дұрыстаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер құжаттар бір уақытта құжатты беру құрылғысында да, сканер әйнегінде де
болса, өнім ск
анер әйнегіндегі ем
ес, құжатты беру құрылғысындағы құжатты өңдейді.
2. Компьютерде Start (Бастау) түймесін, Programs (Бағдарламалар) (немесе Windows XP жүйесінде
All Programs (Барлық бағдарлама)) түймесін басып, HP белгішесін таңдаңыз.
3. Өнім атауын басып, HP Send fax (HP факс жіберу) тармағын таңдаңыз. Факстың бағдарламалық
құралы ашылады.
46 6-тарау Факс KKWW