HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide

HP Fax Setup Wizard (Windows)
1. Start (Бастау) мәзірінде Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP түймесін басыңыз, сосын өнім атын таңдаңыз да, Fax Setup Wizard (Факс орнату шебері) түймесін
басыңыз.
3. Факс параметрлерін конфигурациялау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Автономдық факсты конфигурациялау
Компьютерге не желіге жалғамай, өнімді автономдық факс құрылғысы ретінде пайдалануға болады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экраннан орнату
тармағын таңдаңыз.
2. Fax Setup (Факс параметрлер), сосын Fax Set-Up Utility (Факс параметрлерін реттеу утилитасы)
опциясын таңдаңыз.
3. Экрандағы кеңестерді орындап, әр сұраққа тиісті жауап таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады. Факс тақырыбындағы ең көп
таңбалар саны 40 болады.
Жауап беру құрылғысына конфигурациялау
Егер телефон жауап беру құрылғысын өнімге жалғасаңыз, өнім үшін Rings to Answer (Жауап беру
қоңыраулары) және Answer Mode (Жауап режимі) параметрлерін конфигурациялау керек. Өнімді
конфигурациялау үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экраннан орнату
тармағын таңдаңыз.
2. Fax Setup (Факс параметрлері), сосын Basic Setup (Негізгі параметрлер) опциясын таңдаңыз.
3. Rings to Answer (Жауап беру қоңыраулары) опциясын таңдаңыз.
4. Өнімнің жауап беру үшін қоңырау саны параметрін автоматты түрде жауап беру машинасы үшін
орнатылған қоңырау санынан кем дегенде бір қоңырауға артық етіп орнатыңыз. Қоңырау санын
енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
5. Артқа
түймесін таңдап, Basic Setup (Негізгі параметрлер) мәзіріне қайтыңыз.
6. Answer Mode (Жауап режимі) опциясын таңдаңыз.
7. TAM опциясын таңдаңыз, содан кейін OK опциясын таңдаңыз.
Жауап беру құрылғысы қоңырауды қабылдағаннан кейін осы параметрмен өнім факс дыбыстарын
тыңдайды. Факс дыбыстары анықталса, өнім қоңырауды қабылдайды.
Қосымша телефонға конфигурациялау
Егер қосымша телефонды өнімге жалғасаңыз, бұл конфигурациямен жұмыс істеу үшін өнімдегі кейбір
факс параметрлерін өзгерту керек. Өнімді конфигурациялау үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экраннан орнату
тармағын таңдаңыз.
2. Fax Setup (Факс параметрлері), сосын Advanced Setup (Қосымша параметрлер) опциясын
таңдаңыз.
3. Extension Phone (Қосымша телефон) опциясын таңдаңыз.
44 6-тарау Факс KKWW