HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
Өнімді конфигурациялау
Өнімді конфигурациялау оны автономдық факсқа жауап беру құрылғысымен немесе қосымша
телефонмен қойғаныңызға байланысты өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: факс уақыты, күні және тақырып параметрлерін конфигурациялау факс мүмкіндігін
пайдалану үшін қажет.
● Факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
●
Автономдық факсты конфигурациялау
●
Жауап беру құрылғысына конфигурациялау
●
Қосымша телефонға конфигурациялау
Факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
Бағдарламалық құралды орнатқан кезде осы параметрлерді конфигурациялаған болуыңыз мүмкін.
Өнімнің басқару тақтасын немесе HP Fax Setup Wizard пайдалану арқылы бұл параметрлерді кез келген
уақытта конфигурациялауға болады.
●
Басқару тақтасы
●
HP Fax Setup Wizard (Windows)
Басқару тақтасы
1. Өнімнің басқару тақтасындағы бастапқы экраннан орнату
тармағын таңдаңыз.
2. Fax Setup (Факс параметрлері), сосын Basic Setup (Негізгі параметрлер) опциясын таңдаңыз.
3. Time/Date (Уақыт/күн) опциясын таңдаңыз.
4. 12 немесе 24 сағат пішіміндегі сағатты таңдаңыз.
5. Ағымдағы уақытты енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
6. Күн пішімін таңдаңыз.
7. Ағымдағы күнді енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
8. Fax Header (Факс тақырыбы) опциясын таңдаңыз.
9. Факс нөм
і
рін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
10. Компания атын немесе тақырыбын енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
Стандартты пернетақтада жоқ арнайы таңбаларды енгізу үшін @#$ тармағын таңдап, арнайы
таңбалары бар пернетақтаны ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: факс тақырыбындағы ең көп таңбалар саны 40 болады.
KKWW Факс үшін өнімді жалғау және конфигурациялау 43