HP Color LaserJet Pro MFP M176 M177 - User's Guide
HP Scan бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу
(Windows)
HP Scan бағдарламасын пайдаланып компьтердегі бағдарламадан сканерлеуді бастаңыз. Сканерленген
суретті файл ретінде сақтауға немесе басқа бағдарламаға жіберуге болады.
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: ең жақсы нәтижелер үшін шағын өлшемді қағазды (Letter, A4 немесе кішірек) қағаздың
ұзын жиегімен сканер шынысының сол жағы бойымен салыңыз.
2. Start (Бастау) түймесін басып, содан кейін Programs (Бағдарламалар) (немесе Windows XP
жүйесінде All Programs (Барлық бағдарламалар)) тармағын таңдаңыз.
3. HP тармағын басыңыз да, өнімді таңдаңыз.
4. HP Scan тармағын таңдаңыз, сканерлеу сілтемесін басыңыз, содан кейін қажет болса параметрлерді
реттеңіз.
5. Scan (Сканерлеу) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қосымша параметрлерге қол жеткізу үшін, Advanced Settings («Қосымша параметрлер»)
тармағын таңдаңыз.
Арнаулы параметрлер жиынтығын жас
ап, оларды сілтемелер тізіміне сақтау үшін, Create New Shortcut
(«Жаңа сілтеме жасау») пәрменін басыңыз.
38 5-тарау Сканерлеу KKWW